Дөңгелек үстелге студенттер арнайы Арқалық қаласы ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Жұмағалиев Ғазиз Жеңісұлын және де институттың құқық пәні оқытушылары Айгүл Боранбайқызы мен Эльмира Балтабайқызы шақырылды.
Студенттер дөңгелек үстел барысында қазіргі кезде қоғамымызда көптен белең алып жатқан, тіпті күнделікті таңсық істерге айналып кеткен қылмыстардан, ұрлықпен зомбылықтардан үзінді көрсетіп, сол бейне көрініс бойынша өз ойларын ашық айта отырып қонақтарымызбен бөлісті. Қонақтарға көкей кесті сауалдарын жолдап, құлақ құрышы қанатындай жауаптар алмасты. Бұл іс шара барысында көрермендеріміз де көптеген жәйттарға қанық болып, топтың өнерлі майталман қыздары өз өнерлерімен бөлісті. Пікір талас барысында бүгінгі таңда жастар арасында жиі кездесетін төбелес, ұрлық, алаяқтық сияқты келеңсіз оқиғалар талданып, оның алдын алу шаралары айтылды. Саналы ұрпақ болашақтың кепілі «Балам бол, басқаң бол-заң бәрімізге ортақ» - деп ұлы бабамыз Ж.Баласағұн айтқандай, алтын заң аясында заң бұзушылыққа бармай, егеменді еліміздің қадір қасиетін сақтағанға не жетсін.