Ол іс-шараларда студенттер Семей полигонында 1949-1989 жылдар аралығында 468 сынақ жасалғанын тек алғашқы 14 жыл ішінде сыналған жарылыс қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе көп екендігін, ядролық сынақтардан 1 миллион 300 мың адам зардап шеккендігін, халық арасындағы онкологиялық аурулар, өлім – жітім санының өскендігін сөзге тиек етеді. Балалардың патологиялық ауытқуымен туылуын, полигон аймағында орташа өмір сүру ұзақтығы 60 жасқа жетпейтіндігін, республикалық деңгейден (68,4 жас) 8 жасқа аз, 300 мың шаршы шақырым жер радиациялық ластануға ұшырағанын, бұл – Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының жеріне тең аумақ – деп сөз ете отырып, «Болашаққа-ядролық қарусыз қадам», «Жер шарын қауіпсіз мекен жасайық», «Ядролық сынақтарға тиым салудан – ядролық қарусыз әлемге», «Әлемді қауіпсіз мекен жасау», «Ядролық қаруға жол жоқ», «Әлем жастары ядролық қаруға қарсы» т.б. тақырыптарына әдеби кеш, дәріс, қабырға газеттері, интервью, флеш-мобтар өткізіліп, студенттер арасында ядролық қарусыз әлем құру мәселелері насихатталуда.
Елбасы ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты мүмкіндігінше тез арада күшіне еңгізу жөнінде бастама көтерді.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың тағы бір маңызды ұсынысы – жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдау мәселесін талқылауға кірісуі, ол 2012 жылғы Сеулде өткен екінші самитте талқыланды. Елбасы бастамаларының барынша жемісті болуы үшін аталған кафедрада құрылған «Атом жобасы» іс-шаралары өз нәтижелерін беруде. «Әлем жастары ядролық қаруға қарсы» атты насихат жұмыстары студенттер арасында өткізіліп отыр. Ядросыз Қазақстанға – 22 жыл толып отыр, бұл орайда бәріміз ел болып жігерлене, жұмыла ат салыссақ ядролық қарусыз әлемді құра аламыз.
Олай болса жер шарын қауіпсіз мекен жасау, ата бабамыз мұрат еткен киелі жерімізді көзіміздің қарашығындай сақтау әр азаматтың қасиетті борышы.