1. Көкшетау қаласында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өткізілген Ү Республикалық пәндік олимпиадаға тарих және қоғамдық пәндер кафедрасы «Тарих» мамандығының ІІІ курс студенттері Татиева Паризод, Кеулімжай Мөлдір, Мағауияқызы Ләззаттар қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аталмыш сайысқа 17 ЖОО-ның командалары қатысқан болатын. Оның ішінде 17 – і университет, ал 3-і педагогикалық институт. Студенттерге жетекшілік жасаған кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлбаршын Спанқызы Конкина.
2. Қостанай қаласында өткен облыстық студенттер кәсіподақ ұйымының шешімімен «АрқМПИ №2 жатақханасы үздік» деп аталып, 150 мың теңгеге ие болды.
3. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ «Ілияс әлемі» атты студент – жастар фестивалі болып өтті. 28 ЖОО қатысып, «Ілияс тағылымы» ғылыми номинациясы бойынша 5В011700 – «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІ курс студенті Елдос Тоқтарбаев жүлделі ІІІ орынды иеленді
4. Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Ұстаз» ассоциациясының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр оқытушысы» атты сайысқа педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Сейдина Мөлдір Зікірқызы қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Республика бойынша 38 үміткер қатысты.
5. Павлодар қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиадаға қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы А.А.Есімсейтованың жетекшілік жасауымен 5В011700 – «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенттері Әсел Нұрмұханова, Ақбота Хамит, Гүлдана Мешелдер қатысып, сертификат алды.
6. Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткен «ЖОО-да жаратылыстану – ғылыми пәндерді оқытудың жаңа бағыттары» тақырыбындағы ғылыми – тәжірибелік конференцияға жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің магистрі Кенжебек Иманқұловтың жетекшілігімен «география» мамандығының І курс студенті Жанна Нұрмағанбетова қатысып, І орынды иеленді.
7. Тараз қаласында 2013 жылдың 18-19 сәуірінде өткен Ү Республикалық пәндер олимпиадасында п.ғ.к., доцент Сандуғаш Жұманқызы Түрікпенованың жетекшілігімен ІҮ курс студенті Аманшин Жасұлан мен ІІІ курс студенті Абшукиров Нұрсұлтандар қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.