Ақпараттық кешендік-кітапхана

Ақпараттық-кешендік кітапхана

Ақпараттық-кешендік кітапхананың негізгі міндеті – институт зерттеушілеріне, оқытушыларына, білім алушыларына жоғары кәсіби ақпаратты-кітапханалық қызметтерін ұсыну арқылы институттың жоғары білікті мамандарды дайындау сапасын арттыруға ықпал ету.
Бүгінгі таңда ақпараттық-кешендік кітапхананың кітап қоры мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде 300 мыңнан астам дананы құрайды. Кітапханада сирек кездесетін кітаптардың мол қоры жинақталған.
Отандық және шетелдік лицензияланған электрондық ресурстар IP- мекен-жайлары бойынша қолжетімді, электрондық басылымдардың көлемі шамамен 20 мыңнан астам жарияланымдарды құрайды.
Ақпараттық-кешендік кітапхана қызметкерлері студенттерге ішкі және сыртқы деректер базасынан ақпарат іздестіруді жүзеге асыруға көмектеседі және оқырмандарды электрондық басылымдармен жұмыс істеу дағдыларына үйретеді.