Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды
1. Аға оқытушы – 5 штаттық бірлік:
- Педагогика және филология факультеті – 3.
- Тарих және өнер факультеті – 2.
Біліктілік талаптары:
- Аға оқытушы лауазымына:
- ғылыми дәрежесі кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес келген кезде;
- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болған жағдайда;
- соңғы 5 жылда уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми басылымдарда кемінде 2 ғылыми жарияланымның авторлығы;
- оқулықтың немесе оқу құралының авторлығы.
Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 2 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.