Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды
1. Білім беру бағдарламаларының жетекшісі – 2 штаттық бірлік:
- «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының жетекшісі – 1;
- «Математика», «Математика және физика», «Математика және информатика» білім беру бағдарламаларының жетекшісі – 1.
2. Аға оқытушы – 1 штаттық бірлік:
- Тарих және өнер факультеті – 1.
Біліктілік талаптары:
- Білім беру бағдарламасының жетекшісі лауазымына – жоғары білімі, педагогикалық немесе басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл жұмыс істеу.
- Аға оқытушы лауазымына:
- жоғары (маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD докторы дәрежесі, педагогикалық лауазымдарда жұмыс өтілі және/немесе кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар.
- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болған жағдайда;
- соңғы 5 жылда уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми басылымдарда кемінде 2 ғылыми жарияланымның авторлығы;
- оқулықтың немесе оқу құралының авторлығы.
Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.