Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды
1. Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы – 1 штаттық бірлік.
Біліктілік талаптары:
- Факультет деканы – Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым докторы/кандидаты ғылыми дәрежесі, РhD докторы дәрежесі бар немесе "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда, педагогикалық лауазымдарда жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 25 ақпанға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.