Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды
1. Факультет деканы – 1 штаттық бірлік:
• Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті – 1.
2. Аға оқытушы – 2 штаттық бірлік:
• Педагогика және филология факультеті – 2.
3. Оқытушы – 1 штаттық бірлік:
• Тарих және өнер факультеті – 1.
Біліктілік талаптары:
- Факультет деканы – Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым докторы/кандидаты ғылыми дәрежесі, РhD докторы дәрежесі бар немесе "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда, педагогикалық лауазымдарда жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Аға оқытушы – жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім/ғылыми (академиялық PhD) дәрежесі; біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік); ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл.
- Оқытушы – жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.
Оқытушының (ассистенттің) бос лауазымына үміткерлер үшін Жарияланымдар нормативі:
- республикалық және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар кемінде жылына 1 мақала;
- республикалық және халықаралық конференцияларда кемінде 2 баяндама.
Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 25 сәуірге дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.