Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды
• Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті-3.
1. Аға оқытушы - 2 штаттық бірлік;
2. Оқытушы-1 штаттық бірлік;
• Педагогика және филология факультеті-5.
3. Аға оқытушы-3штаттық бірлік;
4. Оқытушы – 2 штаттық бірлік.
Біліктілік талаптары:
1. Аға оқытушы – жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім/ғылыми (академиялық PhD) дәрежесі; біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік); ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде екі жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл.
2. Оқытушы -жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы.
Оқытушының (ассистенттің) бос лауазымына үміткерлер үшін Жарияланымдар нормативі:
- республикалық және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар кемінде жылына 1мақала;
- республикалық және халықаралық конференцияларда кемінде 2 баяндама
Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 6 маусымға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.