Оқу жылының алғашқы аптасында көпқырлы белсенді студенттерден жасақталған «StudMedia» клубының презентациясы өтті.
Таныстырылымға Зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректор Жанар Байсеитқызы және өзінің әлеуметтік ортадағы қоғамдық белсенділігін нығайтуды мақсат еткен 1-2 курс студенттері қатысты.
- Altynsarin institute-ның медикеңістіктегі келбетін қалыптастыру;
- ЖОО қабырғасында өтетін шараларды ақпараттық қолдау;
- ПОҚ, қызметкерлер, студенттерімен сапалы медиаконтент әзірлеу;
- ЖОО ресми парақшаларындағы белсенділікті еселеу;
- Жарнамалық, танымдық, ақпараттық бейнероликтер түсіру және т,б. функционалдарды жүзеге асыратын клуб өзінің жұмыс барысына жете тоқталды.
Презентация барысында 5-қыркүйек тіл мерекесіне орай қатысушылар арасында «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Нәтижесінде жеңімпаз студентке институттың арнайы блокноты табыс етілді. Сонымен қатар, Altynsarin institute-ның былтырғы түлегі Қанат Ерлан өзінің репертуарынан ән шашу тарту етті.
Айта кетейік, «StudMedia» клубының презентациясында Маркетинг және коммуникация бөлімінің баспасөз хатшысы Көркемжан Бақытжанқызы модераторлық етті.