"Серпін" жобасы аясындағы маңызды кездесу

"Серпін" жобасы аясындағы маңызды кездесу

2025 жылғы 11 сәуір күні Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде Қостанай облысының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында "Серпін" жобасын жүзеге асыру бойынша жол картасы аясында ерекше маңызы бар кездесу өтті.

Арқалық қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары – Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы, "Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілдері, университет ректоры м.а. – Ещжанов Талғат Есмаханбетұлы, академиялық мәселелер жөніндегі проректор – Жусупова Жанна Азатқызы "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен ашық әрі мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында: Бағдарламаның мүмкіндіктері мен болашағы туралы кең ақпарат ұсынылды. Өңірге қажетті мамандықтар жөнінде мағлұмат берілді.Студенттердің сұрақтарына нақты әрі толық жауаптар берілді.
Осындай шаралар "Серпін" бағдарламасының мәнін терең түсінуге, болашақ мамандардың әлеуетін ашуға және әлеуметтік қолдау тетіктерін тиімді іске асыруға бағытталған.
Ынтымақты қоғам мен сапалы білім – еліміздің жарқын болашағының кепілі!