2025 жылғы бітіруші түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

2025 жылғы бітіруші түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

"Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты” ҚЕАҚ 2025 жылғы бітіруші түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті!

2025 жылдың 16 сәуір күні сағат 14:00-де “Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында” дәстүрлі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдері, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарды қоса алғанда, 18 мекеменің өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер педагогикалық бағыттағы түлектерге қажеттілік туралы өтініштерін ұсынып, түлектермен бетпе-бет жүздесті.
Жұмыс берушілер түлектердің түйіндемелерімен танысып, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, мансаптық өсу, еңбек жағдайлары мен қойылатын талаптар туралы кең ақпарат беріліп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қарастырылды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша, қатысушылар қазіргі еңбек нарығының өзгерістеріне бейімделе алатын, қажетті құзыреттері мен кәсіби дағдылары бар педагог мамандарды даярлаудың өзектілігін атап өтті.
Қатысқан білім беру мекемелері тізімі:
• Ақмола облысы, Жарқайын ауданы мен Державин қаласының жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептері
• Арқалық қаласының жалпы білім беретін мектептері мен бөбекжай-балабақшалары
Бұл жәрмеңке түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланыс алаңына айналды!