Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық

Әлемдік стандарттарға сәйкес Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін жақсарту, оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша:

2014-2015 оқу жылында 5В11700-"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының ІІІ курс студенті Ж.Полат, 5В012100 – "Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының ІІІ курс студенті Ұ.Әбдіхожаева, 2015-2016 оқу жылында 5В011700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының ІІІ курс студенті Б.Құдайбергенова, 5В012100 – "Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының ІІІ курс студенті А.Арсалан Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында білім алды.
Жоғары оқу орындары қауымдастығының негізі талаптары болып табылатын білім беру бағдарламаларының өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2015-2016 оқу жылында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынының 5В011700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының ІІ курс студенті Ж.Сексенбаева, 2016-2017 оқу жылында аталған мамандықтың ІІІ курс студенті Г.Ерденова қазақ, орыс тілдері және әдебиеті кафедрасында оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіре отырып, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қалыптастыруға қол жеткізді.
  2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында студенттердің ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін кеңейту бойынша 5В011700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті" ББ бойынша ІІІ курс студенті Мұздахан Рысты Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында білім алса, II жарты жылдығында  5В011700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті" ББ бойынша ІІІ курс студенті Уралбаева Данар Талгатовна Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алды.