Білім беру бағдарламасы мазмұнының Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасымен үйлесімділігі

Физика және математиика кафедрасының білім беру бағдарламасы мен Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасы мазмұндарының үйлесімділігі

5В012600-Математика-Физика және 5В012800 – Физика-Информатика мамандықтарының білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығы және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін сәйкесінше қамтамасыз етеді.
Математика - Физика және Физика-Информатика мамандықтарының білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мазмұнымен салыстырмалы талдау жұмыстары жүргізіледі.
5В012600-Математика-Физика және 5В012800–Физика-Информатика мамандықтары білім беру бағдарламаларын А.Байтұрсынов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің білім беру бағдарламаларымен сәйкестігі қарастырылды. Аталған ЖОО бірдей типтік бағдарламаға негізделген білім беру бағдарламалары (ҚР БҒМ 12.06.2017 жылғы №270 бұйрығы бойынша ) бойынша жасалған. Талдау барысында аталған бағдарламаларда айырмашылық аз болды. Айырмашылық тек таңдау пәндерінің атауларында, ал ішкі мазмұны сәйкес келеді.