Білім беру бағдарламасы мазмұнының Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасымен үйлесімділігі

     5В011100-Информатика мамандығының білім беру бағдарламасы мазмұнының Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен сәйкестігі

     5В011100 "Информатика" мамандығының екі жоғары оқу орындарының Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ және Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру бағдарламасы мазмұнының салыстырмалы талдауы, екі жоғары оқу орнының бір типтік бағдарламаға(ҚР ҒБМ 05.07.2016 №425 бұйрығының №8 қосымшасы) негізделіп жасалынғанын және таңдау компоненттеріне байланысты пәндердің сәйкестілігін көрсетті. Бір – бірімен сәйкес келетін пәндер де бар. 

              1 кесте. Сәйкес пәндердің салыстырмалы талдауы

Мамандығы: 5В011100-Информатика

Абай атындағы ҚазҰПУ

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ

1

 Сандық әдістер

Сандық әдістер

2

Білім берудегі мультимедиа технологиялары

Информатиканы оқытуда мультимедиа құралдарын қолдану әдістері 

3

Білім берудегі компьютерлік графика және анимация

Компьютерлік графика түрлері

4

Информатиканы оқытудағы сандық білім беру ресурстары

Білім берудегі сандық технологиялар

       Жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту үшін оқытушылар құрамы өз қызметінде Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының еңбектерін қолданады, мысалы, Халықова К.З. «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Педагогикалық информатика», «Паскаль тілінде программалау» оқу құралдары; Халықова К.З., Тұрганбаева А.Р., Бостанов Б.Г. «Программалау тілдерін оқыту»; Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е., Жарасова Г.С., Оспанова Н.Н., Исабаева Д.Н. «Информатиканы оқыту әдістемесі», Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б., Исабаева Д.Н., Бостанов Б.Г. «Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері» және т.б.