Білім беру бағдарламасы мазмұнының Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасымен үйлесімділігі

    Басшылық БББ жүзеге асыруда жетекші ЖОО-мен, атап айтқанда Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтымен, Х.Досмұхамедова атындағы Атырау мемлекеттік университетімен ынтымақтаса отырып, жұмыстар атқарады. Бірлескен жұмыс пен өзара тәжірибе алмасудың нәтижесінде 2016 жылы «Педагогикалық диагностика», 2017 жылы «Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі», 2018 жылы «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы»,  2019 жылы «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы және педиатрия негіздері» пәндері енгізілді.