

«6В01512 – Биология және география»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты: Кәсіби білікті биология және география мұғалімдерін даярлау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- білім беру және тәрбиелеу үрдісіне психологиялық-педагогикалық талдау жасайды, ұлттық идеялар мен мұралар негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырады;
- жас ерекшеліктеріне сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырады, адамның қоршаған ортамен өзара әрекетін экологиялық тұрғыдан сауатты бағалайды;
- кәсіби өсу мен өзін-өзі дамыту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және азаматтық позицияны сақтай отырып, кәсіпкерлік және академиялық коммуникация дағдыларын тәжірибеде пайдаланады;
- эксперименталды және жобалық іс-шараларды ұйымдастыру және зерттеу, білім алушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мен дамыту жолдарын сыни тұрғыдан таңдайды.