
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос ПОҚ және ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурс жариялайды
1. Аға оқытушы лауазымына – 5 штаттық бірлік:
- Педагогика және филология факультетіне – 1;
- Тарих және өнер факультетіне – 2;
- Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетіне – 2.
2. Оқытушы лауазымына – 8 штаттық бірлік:
- Педагогика және филология факультетіне – 4;
- Тарих және өнер факультетіне – 2;
- Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетіне – 2.
Біліктілік талаптары:
1. Аға оқытушы лауазымына – жоғары (мамандық) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, PhD дәрежесі, PhD докторы дәрежесі, оқытушылық қызметтегі жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыста кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы керек.
2. Оқытушы лауазымына – педагогикалық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесіне және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз жоғары (мамандық) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы керек.
Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 20 мамырға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.