
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос басшы лауазымдарына конкурс жариялайды
1. Факультет декандары:
- Педагогика және филология факультетінің деканы – 1 штаттық бірлік;
- Тарих және өнер факультетінің деканы – 1 штаттық бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптары:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым докторы/кандидаты ғылыми дәрежесі, РhD докторы дәрежесі бар немесе "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда, педагогикалық лауазымдарда жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
2. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры – 1 штаттық бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптары: жоғары білімі, педагогикалық немесе басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі және ғылыми-педагогикалық жұмыста бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс.
3. Офис-Регистратор бастығы – 1 штаттық бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптары: жоғары білімі, педагогикалық немесе басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі және ғылыми-педагогикалық жұмыста бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс.
4. Тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы – 1 штаттық бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптары: жоғары білім, педагогикалық немесе басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі және ғылыми-педагогикалық жұмыста бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс.
5. Редакциялық және дизайн бөлімінің бастығы – 1 штаттық бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)тиісті мамандық бойынша білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл.
6. Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы – 1 штаттық бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
7. Ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету орталығының
Бастығы – 1 штаттық бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажы, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл болуы тиіс.
8. Ғылыми кеңес хатшысы – 1 штаттық бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптары: Ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі. Ғылыми еңбектердің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыста 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі. Ғылыми хатшы лауазымына тиісті білім саласының ғылыми дәрежесі жоқ және көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандары тағайындалуы мүмкін.
Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 19 мамырға (қоса алғанда) жүргізіледі.
Бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуді өткізу қағидалары api.edu.kz сайтында танысуға болады.