Хабарландыру 11 Тамыз 2022

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін құжаттар қабылдау басталады

| Автор: 

Құрметті талапкерлер!

2022 жылғы 11 тамызда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) оқуға қабылдау үшін құжаттар қабылдау басталады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады. "Жоғары білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" қызметін алу үшін ЭҮП авторизациядан өту қажет.
Ақылы бөлімге қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік қызметтер порталы және ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады. Қызметті алу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://es.mon.iac.kz
Қосымша ақпарат алу үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларына (қабылдау комиссияларының тізімі http://www.testcenter.kz сілтемесі бойынша қолжетімді), сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне телефон арқылы: 8(7172)741670, 8(7172)742525, 8(7172)742284 хабарласуларыңызға болады.
Бұдан бөлек, 2022 жылғы 25 тамызға дейін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларына баруды сұраймыз.

Мемлекеттік қызметтер порталында қызметті алу бойынша пайдаланушы нұсқаулығы

Оқылды 216 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.