Хабарландыру 29 Қыркүйек 2022

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды

| Автор: 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды

1. Білім беру бағдарламаларының жетекшілері – 3 штаттық бірлік:

  • 6В01504 Химия, 6В01510 Химия және биология, 6В01505 Биология - 1 штаттық бірлік;
  • 6В01506 География, 6В01511 География және тарих, 6В01512 Биология және география - 1 штаттық бірлік;
  • 6В01101 Педагогика және психология, 6В01102 Қосымша білім беру педагогы және тәлімгер – 1 штаттық  бірлік.

2. Аға оқытушы лауазымына – 2 штаттық бірлік:

  • Педагогика және филология факультетіне – 1;
  • Тарих және өнер факультетіне – 1.

3. Оқытушы лауазымына – 11 штаттық бірлік:

  • Педагогика және филология факультетіне – 8;
  • Тарих және өнер факультетіне – 2.
  • Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетіне – 1.

Біліктілік талаптары:

1. 1. Білім беру бағдарламаларының жетекшісі лауазымына – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл қызмет етуі немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
2. Аға оқытушы лауазымына – жоғары (мамандық) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, PhD дәрежесі, PhD докторы дәрежесі, оқытушылық қызметтегі жұмыс өтілі және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыста кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы керек.
3. Оқытушы лауазымына – педагогикалық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесіне және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз жоғары (мамандық) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы керек.

Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 14 қазанға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.

Оқылды 162 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.