Хабарландыру 12 Қазан 2022

"Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбына эссе жазу байқауы

| Автор: 

Құрметті студенттер!


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық мерекеміз – 25 қазан Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбына эссе жазу байқауын жариялады. Байқау екі кезеңнен тұрады: институтішілік және республикалық. Осы орайда, сіздерді институт қабырғасында ұйымдастырылатын алғашқы кезеңнің қатысушысы болуға шақырамыз.
Байқау жұмыстарын 2022 жылғы 16 қазан сағат 18:00-ге дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына немесе баспа түрінде Педагогика және филология факультетінің деканатына тапсыруға болады.
Эссеге қойылатын талаптар:
➢ Көлемі: 2-3 бет (2,5 беттен кем емес, 3 беттен артық емес);
➢ Эссе жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде таңдау бойынша жазылады.
➢ Эссе Word мәтіндік редакторында дайындалады.
➢ Қатысушының аты-жөні, білім беру бағдарламасы, байланыс телефоны көрсетілуі керек.
Бірінші кезең жеңімпаздары келесідей бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады:
1 орын: Smart сағат;
2 орын: Сыртқы (қалта) аккумулятор;
3 орын: Құлаққап.
Ең үздік деп танылған 1 жұмыс республикалық кезеңге жіберіліп, авторы Астана қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысатын болады.

Оқылды 11067 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(3 дауыс)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.