Хабарландыру 13 Қазан 2022

«Атамекен» тақырыбында диктант жазу үрдісі өтеді

| Автор: 

 Құрметті білім алушылар!

25 қазан – Республика күні мерекесіне қарсаңында «Атамекен» тақырыбында институтішілік қазақ тілі және орыс тілінде диктант жазу үрдісі өтеді.
Мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат екенін сезінуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, сауатты жазуға, алған білімін сыннан өткізіп, ойларын тұрақтандыруға, есту және жазу машығын қалыптастыруға үйрету.
Диктант түрі: есту диктанты (180-200 сөз).
Диктанттың өту уақыты: 18 қазан, 2022 жыл, сағат: 15.00.
Өтетін орны: № 205 аудитория (қазақ тілінде), № 312/313 аудитория (орыс тілінде).
Диктантты жүргізетін: «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ аға оқытушысы Таутина Б.А., «Орыс тілі мен әдебиеті» ББ жетекшісі Тургумбекова Б.Н.

Оқылды 1205 K2_VIEWS
Материалға баға беріңіз
(2 дауыс)

Пікір жазу

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.