Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

 Оқытушының басты міндеті - бұл студенттердің таным қабілеттерінің (түйсік, қабылдау, есте сақтау, бейнелеу, елестету, ойлау, зейін) ерекшеліктерін ашу және дамыту. ЖОО шетел тілдерін оқыту үдерісіндегі студенттерді дамытудың әдістемесін құру негізінде дифференциалдық және дамыта оқыту идеяларына сүйену қажет.
Әдістемені құруда негізге алынады:
1. Жалпы диагностика жүйесіндегі студенттердің дарындылық диагностикасы (іс-шаралар кешені: тестілеудің сандық түрі, өзіндік сараптама, педагогтардың бақылауы)
2. Дарынды студенттерді оқыту әдістері (қиындықты, іздеушілік, зерттеушілік және т.б.).
4. бағдарламаны модификациялау, оқытуды диагностикалық зерттеулер нәтижесіне сәйкес жүргізу, студенттерге ғылыми зерттеушілік жұмыстар жүргізуде кеңестер беру. Дарынды студенттермен жұмыс жасау барысында шетел тілін оқытудың мазмұнындағы соңғы онжылдықта енген сұрақтар қолданылып, халықаралық шетел тілін бағалаудағы емтихан сұрақтарына сәйкес тапсырмалар талқыланып дарынды студенттерге бағыт-бағдар беріліп отырады: IELTS, TOEFL, CELTA және т. б.
Жұмыс әртүрлі нұсқаларды, формаларда жүзеге асырыла алады. Шартты түрде негізгі үш жұмыс түрін көрсетуге болады:
1. Жеке жұмыс – студентпен шетел тілін сыныптан тыс оқуды, баяндамалар, рефераттар, шығармаларды даярлауды, жетекшілікке алу мақсатымен жұмыс жасау , кейбір студенттерді олимпиадаларға, конференцияларға және т.б. дайындау.
2. Топтық жұмыс – студенттердің үнемі тұрақты ұжымымен жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс.
3. Көпшілікпен жұмыс – білім алушылардың улкен ұжымымен жүргізілетін эпизодикалық жұмыс. Жұмыстың бұл түріне кештер, конференциялар, тілдер апталықтары, олипиадалар және т.б. жұмыстар жатады.
Жұмыстың осы түрлерінің барлығы іс-тәжірибеде бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Бүгінгі күні дарынды студенттермен жұмыс жасаудың ең кең тараған түрлері – үйірмелер, олимпиадалар және т.б. факультативтің басқа түрлері ретінде курстар және қосалқы курстар пайда болуда.
Сабақты өткізудің бір түрі:
- шетел тілдерін қолдану арқылы үштілді тапсырмаларды үздік орындау жарыстары ;
- көркем әдебиет шығармаларынан үзінділерді драматизация, рөлдік ойын, пьеса және қойылым т.б. іс-шаралар өткізу арқылы топтық және көпшілікпен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Дарынды студенттермен жұмыстарды ұйымдастыру
Дарынды студенттермен жұмыс істеу негізінде өзіндік ынта жатыр. Жұмыс дарындылықтың белгісі бар студенттермен қатар, ынта белгілері бар студенттермен де ұйымдастырылады.
Алғашқы сабақтардың бірінде білім алушыларға олардың немен айналысатынын, нендей қызықты жаңалықтармен танысатынын, сабақтың пайдасы неде және олардың қалай өтетіні туралы айтып, ынталарын анықтау керек. Қосымша сабақ алушы студенттер ұстануы міндетті негізгі талаптарды да атап айту қажет.
1.Жалпы қағидалар
1.1. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ дарынды студенттерге қолдау көрсету туралы бағдарламасы (қағидасы); Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында білім алушы студенттерге қолдау көрсетудің ретін, шарттарын, көлемін белгілейді.
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ жүргізілетін талантты студенттерге қолдау көрсеті саясатын қалыптастыру шараларын жүзеге асыруды жалғастыруды қарастырады.
1.2. Аталмыш қағида Қазақстан Республикасында жұмыс жасайтын заңнама негізінде Қазақстан Республикасы Заңының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқармасы туралы» 27 бабына, Қазақстан Республикасы Заңының «Білім туралы» 47 бабына, Қазақстан Республикасы Заңының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 4.11 баптарына сәйкес жасалған.
1.3. Аталмыш қағида Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ күндізгі оқыту формасының бірінші курсына оқуға түскен студенттерге қатысты, және оқытудың жалпы мерзімі бойында жұмыс жасайды.
1.4. Аталмыш қағиданың күші оқытудың бірінші курсынан қандай да бір себеппен шығарылған студенттерге жүрмейді.
1.5. Аталмыш қағида 2019 -2020 оқу жылында жұмыс жасайды.
2. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ оқитын дарынды студенттерді қолдаудың мақсаттары және міндеттері
2.1. Бағдарламанығ негізгі мақсаттары дарынды студенттерді анықтаудың, қолдаудың және дамытудың бір тұтас жүйесін жасау болып табылады КРМУ.
1) Дарынды студенттерді іздеу, тәрбиелеу және оқыту стратегиясын анықтау;
2) ҚР интеллектуалдық қорының бірыңғай және үздіксіз қалыптасуын жүргізу және дамыту;
3) Талантты жастардың мәдени-қоғамдық қалыптасуына ықпал ету.
2.2. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында төмендегі міндеттерді шешу ұсынылады:
1. Даярлаудың қажетті бағыттары бойынша білім алудың қолджетімділігін қамтамасыз еті, студенттердің оқуға және ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Қазақстан Республикасы үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
2. Дарынды студенттермен жұмыс жасаудағы білім және тәрбие беру қызметтерінің сапасын заманауи ғылыми және педагогикалық жетістіктер негізінде көтері.
3. Дарынды студенттердің материалдық қолдауын және қоғамды қорғатуын дамыту;
4. Жас студенттердің патриоттық тәрбиесі, олардың заңнамалық және саяси мәдениетін қалыптастыру, университеттің қоғамдық өміріне саналы жауапты және белсенді түрде қатысуын арттыру.

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 2019-2020 оқу жылына арналған педагогтардың дарынды студенттермен бірлескен жұмыс жоспары

                         Іс-шара

Уақыты

Жауаптылар

Нормативті- құқықтық және ақпараттық қамсыздандыру

1

Дарынды студенттерді қолдаудың бағдардамысын даярлау

қыркүйек, 2019

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

2

Дарынды студенттерді қолдаудың жоспарын құрастыру

Қыркүйек, 2019

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

3

әлеуметтік, спорттық шығармашылық жұмыстардың қорытындысы негізінде «Дарынды студент» электронды базасын  толықтыру.

Жыл бойы

бағдарлама жетекшісі

4

Педагогтардың дарынды студенттермен жұмыстарын ғылыми жинақтарда, БАҚ, конференцияларда жариялауды ұйымдастыру

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

5

«Оқытушы мен студенттің бірлескен портфолиосы» Ережелерін әзірлеу үшін уақытша шығармашылық топ құру

Жыл бойы

бағдарлама жетекшісі

Интеллектуалды бағыт

6

Жыл сайын өтетін студенттердің Республикалық ғылыми- зерттеу жұмыстарының жоба сайысы

желтоқсан, 2020 ж

Ешт-21 тобының студенті

Нышанбай Г.

Ғылыми жетекші Асанова А.К.

7

Студенттермен коммуникативті тренингтер өткізу

Қаңтар, 2020

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

8

Республика көлемінде студенттерді  олимиада, конференция, байқауларға  қатыстыру және ұйымдастыру.

Жыл бойы

бағдарлама жетекшісі

9

«Жылдың үздік тобы», «Жылдың үздік студенті!»конкурсының марапаттау рәсімін өткізу

Мамыр 2020

бағдарлама жетекшісі

Әлеуметтік бағыт

10

«Студенттердің өзін-өзі басқару дамуының жұмысы » кураторлар семинарын ұйымдастыру

Ақпан

Кураторлар

11

Кіріспе, үйлестіру, инновацияларды тестілеу, оқытудың жаңа тиімді әдістері.

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

12

«Тілдарын» қалалық және облыстық сайысқа үйірме мүшелігіндегі студенттерді тарту

Наурыз

Аға оқытушы Ахметова Г.Х үйірме мүшелерінің құрамы

13

Тұңғыш Президент Қоры атындағы студенттердің республикалық үздік ғылыми жұмыстар сайысына ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауларына қатысу

наурыз,

 2020  ж

Ешт-41 тобының студенті

Какимжанова Л Ғылыми жетекші  аға оқытушы Ахметова Г.Х.

РО-32 тобының студенті

Артикбаева. О Ғылыми жетекші  аға оқытушы Тургумбекова Б.Н

14

Студенттердің үздік ғылыми жұмыстарына арналған АрқМПИ Ректорының  сыйлығын талап ету жөніндегі  конкурс

сәуір,

 2020  ж

Ешт-31 тобының студенті

Кәдірбек А

Ғылыми жетекші Байдалина Ж.Ж

Денсаулық сақтау бағыты

15

Студенттердің спорт түрлеріне қатысуын ұйымдастыру

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

16

Студенттердің спартакидаға қатысуын ұйымдастыру

Спорт коммитетінің бағдарламасы бойынша

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі