Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы бойынша
2019-2020 оқу жылының есебі

2019 жылғы «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК ұйымдастырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіровтердің 125 жылдығына арналған «Алаш арыстары» атты қалалық жазба ақындар мүшәйрасына кафедрамызға қатысты «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламсының студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, ҚБ -11 тобының студенттері Апбасхан Балғын «Бейімбет Майлин» атындағы арнайы жүлде иегері, Байғазин Руслан ІІ орынды, ҚБ – 31 тобының студенті Сарманов Рамазан жазба ақындар мүшайрасына қатысқан 13 ақынның ішінен Бас жүлдені иеленді.

2019 жылғы Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті күні мен «2019 жыл –Жастар жылы» аясында Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жүректен шыққан жырлары» атты қалалық жас ақындар айтысына қатысып, жүлделі 2 орынға ие болған Апбасхан Балғын дипломға ие болды.

Apbashan

2019 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған «Жан серігім-домбыра» атты аймақтық онлайн дәстүрлі халық әндері байқауының қатысушысы «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламсының 3 курс студенті Әлібек Қарлығаш Әлібекқызы  алғыс хатқа ие болды.

Alibek K 2

2020 жылғы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылдар аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырлып отырған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысып (ф.ғ.к.,институт профессоры Б.А.Рахметованың жетекшілігімен) «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламсының 4 курс студенті Тұрысбек Нұрдана Дәуренбекқызы Алғыс хатқа ие болды.

Nurdana

2020 жылғы ф.ғ.к.,институт профессоры Б.А.Рахметованың ғылыми жетекшілігімен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғару» атты бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның жастарының «Алтын кітап» атты республикалық байқауының жеңімпазы «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламсының 4 курс студенті Тұрысбек Нұрдана Дәуренбекқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Nurdana 2

2020 жылғы «Алаш өнер» Орталығы бастамасымен ұйымдастырылған Халықаралық «ALASH STAR» байқауына қатысып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскен «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламсының 3 курс студенті Әлібек Қарлығаш Әлібекқызы бас жүлдеге иеленіп, дипломмен марапатталды.

Alibek K