Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Түсіндірме хат

 Оқытушының басты міндеті - бұл студенттердің таным қабілеттерінің (түйсік, қабылдау, есте сақтау, бейнелеу, елестету, ойлау, зейін) ерекшеліктерін ашу және дамыту.
ЖОО ақпараттануға оқыту үдерісіндегі студенттерді дамытудың әдістемесін құру негізінде дифференциалдық және дамыта оқыту идеяларына сүйену қажет.
       Әдістемен құруда қажет:
1. Жалпы диагностика жүйесіндегі студенттердің дарындылық диагнозтикасы (іс-шаралар кешені: тестілеудің сан түрі, өзіндік сараптама, педагогтардың бақылауы)
2. Жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінде қабілетті студенттерге арналған бағдарламалық көмек. (дифференциалдау).
3. Дарынды студенттерді оқыту әдістері (қиындықты, іздеушілік, зерттеушілік және т.б.).
4. бағдарламаны модификациялау, оқытуды диагностикалық зерттеулер нәтижесіне сәйкес жүргізу, ата-анаға кеңестер беру. Дарынды студенттермен жұмыс жасау барысында математикалық оқытудың мазмұнындағы соңғы онжылдықта енген сұрақтарды қолдану ұсынылады: логика, ықтималдықтар теориясы, комбинаторика және т. б.
      Жұмыс әртүрлі нұсқаларды, формаларда жүзеге асырыла алады. Шартты түрде негізгі үш жұмыс түрін көрсетуге болады:
1. Жеке жұмыс – студентпен математиканы сыныптан тыс оқуды, баяндамалар, рефераттар математикалық шығармаларды даярлауды, жетекшілікке алу мақсатымен жұмыс жасау , кейбір студенттерді олимпиадаларға, конференцияларға және т.б. дайындау.
2. Топтық жұмыс – студенттердің үнемі тұрақты ұжымымен жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс.
3. Көпшілікпен жұмыс – білім алушылардың улкен ұжымымен жүргізілетін эпизодикалық жұмыс. Жұмыстың бұл түріне кештер, конференциялар, информатика апталықтары, олипиадалар және т.б. жұмыстар жатады.
       Жұмыстың осы түрлерінің барлығы іс-тәжірибеде бір-бірімен өте тығыз байланысты.
     Бүгінгі күні дарынды студенттермен жұмыс жасаудың ең кең тараған түрлері – үйірмелер, олимпиадалар және т.б. факультативтің басқа түрлері ретінде курстар және қосалқы курстар пайда болуда.
      Сабақты өткізудің бір түрі:
    - математиканы қолдану арқылы информатикадан тапсырмаларды үздік орындау жарыстары ;
    - қолданбалы математика тапсырмаларын физик-информатика , информатика, сызу амалдары арқылы үздік шешу жарыстары.
   - мектеп курсының аралас пәндерінен қалыптан тыс (аралас) тапсырмаларын үздік орындау жарыстары, мысалы физика-информатика, математика-информатика. Мамандандыру топтарында жұмыстың басқа түрлері де ерекшеліктерге ие болады.

     Дарынды студенттермен жұмыстарды ұйымдастыру
  Дарынды студенттермен жұмыс істеу негізінде өзіндік ынта жатыр. Жұмыс дарындылықтың белгісі бар студенттермен қатар, ынта белгілерімен де ұйымдастырылады.
    Алғашқы сабақтардың бірінде білім алушыларға олардың немен айналысатынын, нендей қызықты жаңалықтармен танысатынын, сабақтың пайдасы неде және олардың қалай өтетіні туралы айтып, ынталарын анықтау керек. Қосымша сабақ алушы студенттер ұстануы міндетті негізгі талаптарды да атап айту қажет.
    Информатикаға қызығушылық білдірген студенттермен жұмысты ұйымдастыруға деген екі көзқарас болуы мүмкін.
Бірінші көзқарас, егер де топтағы адам саны көп болыпсекцияларға бөлінген жағдайда қолданылады. Ол секциялар төмендегідей болуы мүмкін:
    - Оқу-зерттеуская (студенттер зерттеулермен айналысады, реферат жазуға даярланады);
  - құрастырушылық (көрнекі құралдарды, нұсқаларды, ақпараттандыру кабинетіне арналған жабдықтарды, электрондықм көрсетілімдерді және жобаларды жасайды);
    - безендіру (математикалық газеттерді дайындау және шығару, олимпиадаларға кештер және басқа да іс-шараларға даярлану үшін безендірулер);
    - тапсырмаларды шешу әуесқойлары (тапсырмаларды шешу,сайыстар мен олимпиадаларды өткізу және т.б.).
  Екінші көзқарас студенттердің саны аз болғанда қолданылады. Бұл жағдайда секцияны ұйымдастыру мүмкін емес, ал оқытушылардың қызығушылықтары әлі де сан алуан. Сондықтан сабақтарды әртүрлі формада өткізу керек.
     Сабақтарды өткізудің негізгі формалары:
 I. Аралас тақырыптық сабақ.
     Аталмыш сабақтың жобалы құрылымы төмендегідей болуы керек:
1. таңдалған сұрақ бойынша оқытушының 10 – 20 минуттік сөйлеуі.
2. негізгі бөлім – топқа қатысушылардың белгілі бір тақырып бойынша тапсырмаларды өздігінен шешуі, және де олардың қатарында жоғары деңгейлі қиындықтағы тапсырмалар болуы шарт. Тапсырмалар саны 3-5 (тақырып пен оның жалғасу ұзақтығына байланысты). Тапсырманың бірі студенттердің барлығымен немесе басым көпшілігімен орындалған соң, білім алушылардың бірі оны топ мүшелерінің барлығына талдап береді. Тапсырманы шешу барысында оқытушы шешімдерді қалыптастырып, оларды жариялайды.
3. қызықтыратын сипаттағы тапқырлыққа бағытталған тапсырмаларды орындау.
4. студенттердің сұрақтарына жауап беру, үй тапсырмалары;
мұнда жеке орындауға және үй жұмысына ұсынылған кейбір әлде қайда қиын тапсырмалар да болуы мүмкін. Кейде оқытушының өзі де шешімін іздеп жатады. Тақырыптық сабақтағы оқытушының сөйлеуі, негізгі бөлім және үй тапсырмасы уақыттың 70-80 % керек.
II. Бағдарламалау бойынша тапсырмаларды орындау байқаулары олимпиадалар, ойындар.
 Мұндай сабақтарды әрбір 4-6 тақырыптық сабақтардан кейін жүйелі түрде өткізген дұры, бұл әрбір 1-2 айдағы жұмыстың нәтижесі болып табылады.
   Сабақты осылайша ұйымдастыру формасы белгілі бір сайысқа, байқауға арналады.
   Мысал ретінде:
- қалыптан тыс олимпиада (төбелес, хоккей және т.б.);
- карусель,
- ауызша олимпиада және т.б.
III. Рефераттарды тыңдау, электрондық жобалар мен көрсетілімдерді қорғау.
IV. Халықаралық және республикалық олимпиадалартапсырмаларын талдау, қателерді сараптау.
V. Әртүрлі тақырыптарға берілген тапсырмаларды шешу (көбіне олимпиадаларға, байқауларға даярлау кезінде қайталауға беріледі).
    Сонымен қатар, іс-тәжірибеде аз тараған басқа да формалар болуы мүмкін, мысалы
  - үйге берілген тапсырмаларды талдау. Үйде студенттердің барлығы немесе көпшілігі оны орындауда қиындықтарға тірелген жағдайда. Мұндай жағдайда сабақтың барлығы үй тапсырмасын талдауға және соған ұқсас тапсырмаларды орындауға арналады.
   - ақпараттық технологиялар бойынша баяндамалар, әңгімелер (көбіне ақпараттық апталықтар аясында).
   - студенттің алған нәтижесі, өзі жасаған және шешкен тапсырмасы туралы хабарламасы.
   - ифнорматика бойынша бейнефильмдерді, кинофильмдерді қарау.
     Сол сияқты, дарынды студенттермен жүргізілетін жұмыстың басқа да түрлері болуы мүмкін.

                                                                     Сабаққа даярлану
Сабаққа даярлану үшін оқытушы төмендегідей жұмыстарды жүргізуі қажет.
1. Сабаққа қажетті барлық сұрақтарды зерделеп шығу.
2. Таңдалған тапсырмалардың шешімін тексеріп шығу;
3. Таңдалған тапсырмалардың ішінде қайсысы қызықты, ал қайсысы қиындық тудыратынын анықтап алу.
4. Сабақтағы тапсырмаларды күрделілік дәрежесіне қарай орналастыру. Және де көп уақытты алатын тапсырмаларды сабаққа енгізбеген дұрыс. Есесіне, қызықты идеялары бар тапсырмаларға ден қою.
5. Тапсырмалардың мазмұнын әр студент үшін бөлек параққа басып алған дұрыс. Кейде білім алушыға берілген тапсырманың мәтінін басқаша ойлап тауып қалыптастыруды ұсыну.
6. Білім алушылар тапсырманы орындау барысында қиналып қалған жағдайда, басқа әлдеқайда қарапайым тапсырмамен ауыстыру (даярлық деңгейдегі тапсырмалар).
7. Дифференциалдық көзқарасты жүзеге асыру үшін «егіз» тапсырмаларды да қолдану (яғни, идеясы бір тапсырмалар бірақ әр түрлі дәрежелі қиындықтағы).
8. Қатесі бар тапсырмаларды, бүгінгі күн материалдарынан тұратын тапсырмаларды қолдану.
9. Алдағы сабақтарға арналған тапсырмаларды қолдану (сабақтың үстінде, сол сияқты үй тапсырмасына).
10. Қорда әрқашан қызықты, тартымды материалды ұстау.алғашқы кезде үй тапсырмасы ретінде 2-3 тапсырмадан артық бермеу. Егер студент оларды белсенді шешіп жатса, тапсырма санын көбейтуге ии де болады, олай болмаған жағдайда 2-3 тапсырмамен қалдыру қажет және де үнемі шешуге бермей, студенттердің тілегі бойынша ұсыну (как на самом занятии, так и дома).
      Студенттің баяндама даярлау бойынша негізгі әдістемелік нұсқаулықтар.
      1-2 курс студенттеріне арналған баяндамалардың жобалы тақырыптары:
• Ақпараттық коммуникациялық технологиялары.
• Бардарламау тілдері.
• С++ бағдарламау тілдері.
• Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер.
     1. Студентке тапсырылған баяндама ұқыпты әрі қызықты орындалғаннан кейін хабарлама немесе баяндама сияқты тапсыра беруге болады.
      2. Тапсырманы баяндамамен шығудан бір ай бұрын беру керек.
    3. Студентке қажетті әдебиеттерді ұсыну, баяндаманың жоспары мен маңызды кезеңдері бойынша нұсқаулар беру (кейде, баяндаманы даярлау алдында сол тақырып бойынша тапсырмалар ұсыну, ал әдебиетті бір апта кейін беру).
     4. Баяндама уақытын анықтау. Студент баяндаманы магнитафонға жазып шығады, жазып өзі тыңдайды.
     5. Екі аптадан соң не жасалғанын тексеріп, көмек көрсету.
     6. Баяндама жасауға бір апта қалғанда конспектіні қарап шығып, баяндаманы тыңдап, көрнекіліктерді тексеру.
     7. Баяндама біткен соң оқытушы оның ұтымды және кемшілік тұстарын атап өтуі.

     Баяндамаға қойылатын негізгі талаптар
• баяндама мәтінін студент өз сөзімен жеткізгені жақсы болады;
• барлық жаңа терминдер түсіндірілуі тиіс;
• баяндаманың басында тақырыптың маңыздылығын, ол тыңдаушыға несімен қызықты болуы мүмкіндігін түсіндіру қажет;
• баяндамадағы негізгі түсініктерді, негізгі идеяны айқындап көрсету;
• баяндаманың ұзақтығы: 15-20 минут;
• көрнекілік қолдану.
     Баяндамашылардың немен айналысып жүргенін топтағы студенттердің барлығы білуі үшін, олардың жұмыстары математикалық газетінде немесе басқа да бір ЖОО басылымдарында жарық көруі тиіс. Онда жұмыс жоспары, сол жұмыстарды жүргізу міндеттері орналастырылғаны дұрыс. Оқытушысы қабілетті студенттердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін мыналар қажет:
• білім алушылардың сабақтарды мұқият жазбалар жасауы;
• сабақ жорналдарында қарастырылатын материалдар әртүрлі байқауларды өткізуге негіз болуы;
• материалды жүйелі түрде қайталау, сонымен қатар, өткен жылдарға қарастырылған материалды еске түсіріп отыру;
• сабақтарды оқытушы бағдарламалық материалды өтуде, дарынды студенттердің қосымша сабақтарда алған білімдерін, қабілеттерін және идеяларын үнемі мадақтап қолдап отыруы.
Қорытынды сабақты оқытушы студенттердің жыл бойы қаншалықты жұмыс жасағаны туралы әңгімеден бастағаны дұрыс (нелер қарастырылды, нені үйренді, қандай дағдыларды меңгерді, нендей жаңалықты білді). Алдында атап өткендей, жылдық жұмысты бір жыл бойы қарастырылған тапсырмалар бойынша олимпиадамен немесе сынақпен аяқтау (қалыптан тыс түрінде де болады). Содан соң дарынды студенттермен алдағы жылы жүргізілетін жұмыстың перспективасы туралы айту, жазда оқу үшін әдебиеттерді ұсыну.
     1.Жалпы қағидалар
    1.1. Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ дарынды студенттерге қолдау көрсету туралы бағдарламасы (қағидасы); Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  педагогикалық институтында білім алушы студенттерге қолдау көрсетудің ретін, шарттарын, көлемін белгілейді.
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ жүргізілетін талантты студенттерге қолдау көрсеті саясатын қалыптастыру шараларын жүзеге асыруды жалғастыруды қарастырады.
  1.2. Аталмыш қағида Қазақстан Республикасында жұмыс жасайтын заңнама негізінде Қазақстан Республикасы Заңының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқармасы туралы» 27 бабына, Қазақстан Республикасы Заңының «Білім туралы» 47 бабына, Қазақстан Республикасы Заңының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 4.11 баптарына сәйкес жасалған.
    1.3. Аталмыш қағида Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ күндізгі оқыту формасының бірінші курсына оқуға түскен студенттерге қатысты, және оқытудың жалпы мерзімі бойында жұмыс жасайды.
       1.4. Аталмыш қағиданың күші оқытудың бірінші курсынан қандай да бір себеппен шығарылған студенттерге жүрмейді.
       1.5. Аталмыш қағида 2016 -2017 оқу жылында жұмыс жасайды.
    2. Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ оқитын дарынды студенттерді қолдаудың мақсаттары және міндеттері
      2.1. Бағдарламанығ негізгі мақсаттары дарынды студенттерді анықтаудың, қолдаудың және дамытудың бір тұтас жүйесін жасау болып табылады КРМУ.
   1) Дарынды студенттерді іздеу, тәрбиелеу және оқыту стратегиясын анықтау;
   2) ҚР интеллектуалдық қорының бірыңғай және үздіксіз қалыптасуын жүргізу және дамыту;
   3) Талантты жастардың мәдени-қоғамдық қалыптасуына ықпал ету.
   2.2. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында төмендегі міндеттерді шешу ұсынылады:
  1. Даярлаудың қажетті бағыттары бойынша білім алудың қолджетімділігін қамтамасыз еті, студенттердің оқуға және ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Қазақстан Республикасы үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
  2. Дарынды студенттермен жұмыс жасаудағы білім және тәрбие беру қызметтерінің сапасын заманауи ғылыми және педагогикалық жетістіктер негізінде көтері.
     3. Дарынды студенттердің материалдық қолдауын және қоғамды қорғатуын дамыту;
   4. Жас студенттердің патриоттық тәрбиесі, олардың заңнамалық және саяси мәдениетін қалыптастыру, университеттің қоғамдық өміріне саналы жауапты және белсенді түрде қатысуын арттыру.
    5. Студенттердің информатикаға және оның салаларына деген тұрақты қызығушылығын ояту және дамыту, студенттердің бағдарламалық материал бойынша білімін тереңдету.
      6. Студенттердің информатика пәні бойынша ойлау қабілеттерін дамыту.
      7. Білім алушылардың техникадағы және экономикадағы информатиканың іс-тәжірибелік маңызы туралы көзқарасын кеңейту және тереңдету.
   3. бағдарламны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары болып:
3.1. дарынды студенттермен жүргізілетін жұмысты жетілдіруге бағытталған ұйымдастыру басқарушылық шешімдерді қабылдау;
3.2 дарынды студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық қызметін жүзеге асыруға арналған іс-шараларды жүзеге асыру;
4. Бағдарламадан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны жүзеге асыру қамтамасыз етеді:
4.1. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  педагогикалық институтының қабілетті студенттерін анықтау, дамыту және қолдау бойынша тиімді жүйені жасауға;
4.2. Жас студенттердің әлеуметтік белсменділігін көтеруді;
4.3. Университтегі қабілетті студенттердің сапалы тәрбиесі мен білім алуының қолжетімділігін кеңейтуді;
4.4. студенттердің қалалық, республикалық, облыстық, халықаралық шығармашылық байқауларға, фестивальдарға, олимпиадаға, спорттық сайыстаға кеңінен қатыуын;
4.5. Дарынды студенттермен укрепление материально-технической базы учреждений, обеспечивающих работу с одаренными студентами.
5. Дарынды студенттерге қолдау амалдарын көрсетудің реті және мүмкінліктері (или қағидалары)
5.1. Студенттерді «Ең үздік жоба» үшін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  педагогикалық институт ректорының дипломымен марапаттау.
5.2. Олимпиада қатысушы студенттерді қаржыландыр

Ы.Алтынсарин атындағы АрПИ информатика кафедрасының 2020-2021 оқу жылына арналған педагогтардың дарынды студенттермен бірлескен жұмыс жоспары

                         Іс-шара

Уақыты

Жауаптылар

                               Нормативті- құқықтық және ақпараттық қамсыздандыру

1

Дарынды студенттерді қолдаудың жоспарын құрастыру

Қыркүйек, 2020

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

2

Әлеуметтік, спорттық шығармашылық жұмыстардың қорытындысы негізінде «Дарынды студент» электронды базасын  толықтыру.

Жыл бойы

бағдарлама жетекшісі

3

Педагогтардың дарынды студенттермен жұмыстарын ғылыми жинақтарда, БАҚ, конференцияларда жариялауды ұйымдастыру

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

4

«Оқытушы мен студенттің бірлескен портфолиосы» Ережелерін әзірлеу үшін уақытша шығармашылық топ құру

Жыл бойы

бағдарлама жетекшісі

Интеллектуалды бағыт

5

Студенттермен коммуникативті тренингтер өткізу

Қаңтар, 2021

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

6

Республика көлемінде студенттерді  олимиада, конференция, байқауларға  қатыстыру және ұйымдастыру.

Жыл бойы

бағдарлама жетекшісі

                                                                      Әлеуметтік бағыт

7

Кіріспе, үйлестіру, инновацияларды тестілеу, оқытудың жаңа тиімді әдістері.

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

8

Шығармашылық іздестіру, жоғары танымдық белсенділік, тәуелсіз қызмет, сондай-ақ дарынды студенттердің тәрбиелік ынталандыруына бағытталған дифференцияланған оқыту элементтерін пайдалану

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

9

Аймақтық,республикалық, халықаралық деңгейдегі «Білім берудегі сандық технологиялар» атты студенттердің ғылыми конференцияларына қатысу

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

                                                                 Денсаулық сақтау бағыты

10

Студенттердің спорт түрлеріне қатысуын ұйымдастыру

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

11

Студенттердің спартакидаға қатысуын ұйымдастыру

Спорт коммитетінің бағдарламасы бойынша

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі