Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

«Музыка және бейнелеу өнері» кафедрасында Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің білімін жоғарылату бағдарламасы деңгейі негізінде дарынды студенттерді қолдауды енгізу бағдарламасы қарастырылды (хаттама № 11, 13 мамыр 2015 ж.).
Дарынды студенттерді 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу  білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау талап деңгейі «Жоғары білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде» айқындалған.
5В010700-Бейнелеу өнері және сызу білім беру бағдарламасының талапкерлерге арналған емтихан талаптары көркемөнер білім базасына сәйкестендіріліп жасалады.
Бірінші шығармашылық емтихан – Сурет
1. Натюрморттың құрылысы мен орналасуы.
2. Өңдік қатынастар мен суреттің біртұтастығы.
Негізгі шарттар
Сурет бойынша емтихан қойылымында оқуға түсуші келесі ептілігі мен дағды шеберлігін көрсетуі керек: суретті парақ бетіне дұрыс орналастыру; зат жазықтығының, айналасының, заттардың арақатынасын анықтау; құрылысын салу барысында заттың негізгі бөліктерін көрсету, үлкен және кіші заттардың арақатынасын анықтау; мата қыртысының орналасуы; заттың ауалық кеңістігін ұстай отырып, жарық көлеңкесін анықтау(заттың жазықтық бетінде алыстауы, жазықтықтың тереңдеуі); суретті аяқтау.
Екінші шығармашылық емтихан – Кескіндеме
1. Натюрморттың құрылысы мен орналасуы.
2. Түстік бірліктер мен суреттің біртұтастығы.
Негізгі шарттар
Кескіндеменің емтихан қойылымында оқуға түсуші келесі ептілігі мен дағды шеберлігін көрсетуі керек: суретті парақ бетіне дұрыс орналастыру; зат пішінін беру, заттың негізгі қатынастарын беру, жартылай көлеңкеде заттың табиғи түсін табу, түстердің құбылысы, түспе көлеңкесі арқылы ауалық кеңістіктегі тереңдікті анықтау; жазықтық көлемін анықтау; құрылысын салу барысында заттың негізгі бөліктерін көрсету, үлкен және кіші заттардың арақатынасын анықтау; мата қыртысының орналасуы; заттың түстік қатынастарын бір-бірімен байланыстыру; жартылай көлеңкеде түстердің байлылығын беру және қойылымда шеберлікпен түсті меңгеру жеңілдігін әрі тұтастығын ұстау.

"Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасы бойынша дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Жоспарланған іс-шаралар

2017-2018

2018-2019

2019-2020

2020-2021

1

Дарынды студенттерді анықтау екі кезеңде жүргізіледі:

А) мамандыққа қабылдауда шығармашылық емтихан  негізінде музыкалық қабілеттілікті анықтау

Б) оқу үрдісі барысында

В) көрмелер өткізу, каталогтар шығару

1 курс студенті Ю.Буймистровтің жеке шығармашылық көрмесі мен семестр сайын институттың 4-қабатындағы файеде 1-4  курс студенттерінің графика мен кескіндемеден шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады.

 

1-4  курс студенттерінің графика,  кескіндеме, тоқыма материалдарын көркемдеп өндеу, ағашты көркемдеп өндеу, скульптура және адамның пластикалық анатомиясы пәндерінен  шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылады

1-4  курс студенттерінің графика,  кескіндеме, тоқыма материалдарын көркемдеп өндеу, ағашты көркемдеп өндеу, скульптура және адамның пластикалық анатомиясы пәндерінен  шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылады

1-4  курс студенттерінің графика,  кескіндеме, тоқыма материалдарын көркемдеп өндеу, ағашты көркемдеп өндеу, скульптура және адамның пластикалық анатомиясы пәндерінен  шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылады

2

Кафедраішілік, институт көлемінде, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында өткізілетін студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы байқауына дайындалу, қатысу.

Республикалық ЖОО арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары  конкурсына 4 курс студенттері Амангелді А. «Живопись пәнінде пейзажды үйретудің жолдары» тақырыбында және Болат Ә. «Дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбындағы ғылыми жобалары ұсынылды.

 

 

 Республикалық ЖОО арасында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары  конкурсына 4 курс студенттері Төлеухан П. «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшелігі және оқыту әдістемесі»; Әмірбек Ә. «Мектепте көркем еңбек пәнін оқытуда компьютер бағдарламасын қолдану, Ержігітова А. «Оқушыларға көркемдеп ағаш өңдеу технологиясын үйрету», БС-21 тобы Бектұрсын А. «Табиғат көрнісін майлы бояумен жазу жолдары» тақырыбында ғылыми жоба ұсынылды.

 Республикалық ЖОО арасында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары  конкурсына 4 курс студенттері Магзумова А. және Үтенова Н.  ғылыми жоба ұсынылды.

ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар конкурсына 4 курс студенті Утенова Назерке "Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы көркем еңбектің маңыздылығы", 2 курс студенті Ахмедия Г. "Пейзаж жанрының әдіс-тәсілдері",  3 курс студенті Буймистров Ю. "Кескіндеме және сурет материалдары мен техникасы" тақырыбында ғылыми жобалар әзірлейді. 4 курс студенті А. Магзумова облыстық жастар шығармашылық байқауына қатысуға дайындалуда.

3

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында 05010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша студенттердің пәндік олимпиадаға дайындалуы мен қатынасуы

Жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін Қазақстан Республикалық олимпиадасына 4 курс студенті Алжапар Д. және 2 курс студенті Гаипов О. дайындалуда.

 

 

 

ҚР ЖОО студенттерінің XI Республикалық  пәндік  олимпиадасына 4 курс студенті Себенова Б. және 3 курс студенті Гаипов О. дайындалуда.

 

ҚР ЖОО студенттерінің XI Республикалық  пәндік  олимпиадасына 4 курс студенттер   Мағзумова А.  және Гаипов О. дайындалуда.

 

3 курс студенттерін Ю.О. Буймистров пен 2 курс студенті Г. Ахмедияны Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өтетін пәндік олимпиадаға дайындау.

4

Студенттердің қалалық, институтішілік, облыстық, халықаралық деңгейдегі көркемдік және дербес көрмелерге дайындалуы мен қатынасуы

4 курс студені Алжапар Д. Мәскеу қаласында «PRISMASTORE» интернет дүкенінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған байқауға «Главная репетиция» тақырыбында салынған графикалық суреті  халықаралық байқауда 1-орынды жеңіп алды, мәлімет интернет желісінде жарияланды.

4 курс студенттері гобелен тоқу мен бисер тақырыбында «Тоқыма материалдарды өңдеу» пәнінен шығармашылық көрмелерін институт фаесінде көрсетті, 2 – 3 курс студенттері графика мен кескіндемеден көрме шығарды.

4 курс студенттері «Тоқыма материалдарды өңдеу» пәнінен шығармашылық көрмелерін институт фаесінде көрсетеді, 2-3 курс студенттері «Академиялық сурет», «Кескіндеме техникасы мен технологиясы» пәндерінен көрме әзірлейді.

1-4 курс студенттері «Сурет», «Кескіндеме», «Композиция»  пәндерінен шығармашылық көрмелерін институт фаесінде көрме әзірлейді.

Институтішілік 1-4 курс студенттері арасында «Сурет», «Кескіндеме», «Композиция»  пәндерінен шығармашылық көрмелерін әзірлейді.

5

«Сырлы бояу», «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмелеріне студенттердің қатысуын ұйымдастыру

«Сырлы бояу» үйірмесінде орындалған кескіндемелік жұмыстар акварель, гуашь, майлы бояу техникасында  салынған, 1-4 курстардың «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің нәтижесіндегі Абдраев А., Амангелді А., Болат Ә., Айдарбекова Д., Әбділда Ұ., Гаипов О., Төлеухан П., Ә.Әмірбекованың каталогтары шығарылды.

«Сырлы бояу» үйірмесінде орындалған кескіндемелік жұмыстар акварель, гуашь, майлы бояу техникасында  салынған, 1-4 курстардың «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің нәтижесіндегі жұмыстардың каталогын  шығару

«Сырлы бояу» үйірмесінде орындалған кескіндемелік жұмыстар акварель, гуашь, майлы бояу техникасында  салынған, 1-4 курстардың «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің нәтижесіндегі жұмыстардың каталогын  шығару

«Сырлы бояу» үйірмесінде орындалған кескіндемелік жұмыстар акварель, гуашь, майлы бояу техникасында  салынған және «Сәндік-қолданбалы өнер» үйірмесінің нәтижесіндегі жұмыстардың каталогын  шығару

odaren deti3

odaren deti4

odaren deti5

odaren deti6

odaren deti7

odaren deti8

odaren deti9

odaren deti10

odaren deti11

odaren deti12

odaren deti13

odaren deti14

odaren deti15

odaren deti17

odaren deti18

odaren deti19

odaren deti20

odaren deti21

  


 
3
4

"Музыкалық білім" білім беру бағдарламасы бойынша дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

5В010600-Музыкалық білім мамандығына қабылдауда арнайы емтихан талаптары базалық музыкалық білім негізінде дайындалған:
Бірінші шығармашылық емтихан – музыкалық қабілеттілікті анықтау (есту қабілетін тексеру, ырғақтық, есте сақтау).
Негізгі критериялар
Абитуриент өзінің музыкалық қабілеттерін, ырғақтық сезімін, музыкалық есту және есте сақтауын нақты көрсете алуы керек.
Екінші шығармашылық емтихан – музыкалық сүйемелдеусіз ән салу(a capella) немесе аспапта музыкалық шығарма орындау.
Негізгі критериялар
Музыкалық сүйемелдеусіз ән салу (a capella) немесе аспапта музыкалық шығарма орындау арқылы абитуриент өзінің вокалдық немесе аспапта орындаушылық мүмкіндіктерін көрсете алуы керек.
Жеделдетілген курсқа түсетін абитуриенттер емтихандары: аспапта музыкалық шығармалар орындау.

"Музыкалық білім" білім беру бағдарламасы бойынша дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Жоспарланған шара

 

2017 -2018

 

2018-2019

2019-2020

2020-2021

1

Дарынды студенттерді анықтау екі кезеңде жүргізіледі:

А) мамандыққа түсуде шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету

Б) оқу үрдісі барысында

В) есеп беру концертінде

Кейкі батыр кесенесінің ашылу рәсімі мен Тәуелсіздік күні мерекесіне 4 курс студенті Қаби Н. қатынасты. 1 курс студенті Дүйсен Ш. Қалалық ақындар айтысында өз өнерімен көзге түсті.  Жоламанова Ф. «Экспо – 2017» халықаралық көрмеде «Әнім сенсің -  туған өлкем Қостанай!» әнін орындады. 4 курс студенті Қасымхан А., Жоламанова Ф., Рябчинская М. тәуелсіздік конкурсына қатынасты.

Студентер қатарына қабылдау,  «Алло, біз дарындыларды іздейміз!» конкурсына қатынасу, қала және институтшілік  өтетін іс-шараларды қатысу барысында қадағалау

Студентер қатарына қабылдау,  «Алло, біз дарындыларды іздейміз!» конкурсына қатынасу, қала және институтшілік  өтетін іс-шараларды қатысу барысында қадағалау

Студентер қатарына қабылдау,  «Алло, біз дарындыларды іздейміз!» конкурсына қатынасу, қала және институтшілік  өтетін іс-шараларды қатысу барысында қадағалау

2

Студенттерді институтішілік, облыстық, халықаралық концерттік шараларға, байқауларға (студенттік көктем, патриоттық әндер конкурсы), («Халық сазы») фестивальдерге дайындау мен қатыстыру

Тәуелсіздік күні қарсаңында МБ-21 тобының студенті Тұрсынбек А. Фурманов ауылындағы мәдениет үйінде концерт ұйымдастырды. Мұғалімдер күніне жыл сайынғы концерт; Студенттердің оқу орындары арасында өткізілетін «Студенттік көктем» фестиваліне қатынасу; «Алло, біз дарындыларды іздейміз!», «Халық сазы». конкурсына қатынасу.

 

 

 

«Білім күні», «Мұғалімдер күні», «Студенттік көктем» фестиваліне қатынасу; «Тәуелсіздік күні»,  «Алло, біз дарындыларды іздейміз!», «Халық сазы», «Жігер» тобының шығармашылық концерт т.б. байқауларға қатынасу.

 

«Білім күні», «Мұғалімдер күні», «Студенттік көктем» фестиваліне қатынасу; «Тәуелсіздік күні»,  «Алло, біз дарындыларды іздейміз!», «Халық сазы»  байқауларға қатынасу.

 

«Білім күні», «Мұғалімдер күні», «Студенттік көктем» фестиваліне қатынасу; «Тәуелсіздік күні»,  «Алло, біз дарындыларды іздейміз!», «Халық сазы»  байқауларға қатынасу.

 

3

Республикалық музыкалық конкурстарға қатынасуға студенттердің жеке дайындығы

Республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары  конкурсына 3 курс студенті Жанұзақова Д. «Мектеп оқушыларына арналған ән-жырлардың рухани тәрбиелік мәні» тақырыбында ғылыми жоба дайындап өткізді.

 

 

 

Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары  конкурсына 3 курс студенті Сапар А. «Музыка сабағында күй тындау қызметі арқылы оқушының білім сапасын арттыру»,  3 (ж) курс студенті Рябчинская М. «Полифонические произведения И.С.Баха, Г.Ф.Генделя»  тақырыбында ғылыми жоба әзірлеу.

 

1 студенті Балкен А., Бөлтірікова Ж.И. жетекшілігімен, республиалық музыкалық байқауына дайындау.

Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары  конкурсына 3 курс студенті Сардарова Т.  тақырыбында ғылыми жоба әзірлеу.

 

 

 

 

 

 

Студенттердің ғылыми жобаларын дайындау: 3 курс студенті Т. Сардарованың "Күй өнерінің атасы Құрманғазы" атты ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар байқауына қатысуы, ғылыми жетекшісі аға оқытушы М. С. Бегалова; 2 курс студенті А. Елеупованың "И.С. Бахтың, Г.Ф. Гендельдің полифониялық шығармалары" тақырыбындағы ЖОО ішіндегі ғылыми жобалар байқауына қатысуы, ғылыми жетекшісі аға оқытушы А.А. Шаяхметова.

4

Студенттерді «Дәстүрлі халық әні» үйірмесіне қатысуын ұйымдастыру

«Дәстүрлі халық әні» үйірмесінің мүшесі МБ-41 тобының студенттері Қаби Н. және Қасымхан А. жыр, терме, әндерін тамаша орындаумен институтішілік іс шараларға белсене қатысып жүр. 

 

«Дәстүрлі халық әні» үйірмесінің мүшелері МБ-41 тобының студенті Мейрамұлы Б. МБ-31 тобының студенттері  Мұқышбекова М. Сәбит Ж., МБ-21 тобының студенті Дүйсен Ш. жыр, терме, әндерін тамаша орындаумен институтішілік іс шараларға белсене қатысып жүр. 

 

«Дәстүрлі халық әні» үйірмесінің мүшелері МБ-41 тобының студенттері  Мұқышбекова М. Сәбит Ж., МБ-31 тобының студенті Дүйсен Ш. жыр, терме, әндерін тамаша орындаумен институтішілік іс шараларға белсене қатысып жүр. 

 

«Дәстүрлі халық әні» үйірмесінің мүшелері МБ-21 тобының студенттері  Нағашыбаев Ж., Тұрысбек Н. МБ-31 тобының студенті Дүйсен Ш. жыр, терме, әндерін тамаша орындаумен институтішілік іс шараларға белсене қатысып жүр. 

 


muz1

muz2

muz3

muz4

muz5

muz6

muz7

muz8

muz9

muz10

muz11

muz12

muz13

akzhol1
akzhol12

akzhol13
akzhol14