Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты:
- Ы. Алтынсарин атындағы АрқПИ ДШС тобының дарынды студенттернің психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін жетілдіру.
- Ы. Алтынсарин атындағы АрқПИ ДШС тобының студенттерінің, зияткерлік, шығармашылық және физикалық қабілеттерін айқындау және дамыту үшін жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
- Психологиялық принциптерді және дарынды студенттерді дамытудағы жүйесін жобалау;
- Әр түрлі деңгейдегі интеллектуалды және шығармашылық іс-шаралар арқылы студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін өзін-өзі іске асыру үшін жағдайлар жасау;
- Танымдық қызығушылықты ынталандыру, студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған практикалық шаралар әзірлеу;
-Дарынды студенттермен жұмыс істеуде оқытушылардың, психологиялық, ғылыми және теориялық білімдерін жоғары деңгейде дамыту;
-Дарынды студенттермен жұмыс істеу озық психологиялық-педагогикалық тәжірибиені насихаттау және тарату;
- Институттың бірлескен жұмысын ұйымдастыру және мәдени, спорттық және басқа да талант қолдау нысандарын ұйымдастыру;
- Студенттердің қажеттілігін, мүдделеріне сай қосымша білім беру саласын дамыту.

Жұмыстың бағыттары:

1.«Дарынды студенттерді» деректер банкі бойынша қалыптастыру.
2. Дарынды студенттер ғылыми-зерттеу қызметпен айналысатын ғылыми студенттік «Жеңіс» үйірмесін қалыптастыру.
3.Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттерді жарыстарға қатысу бөлімінің аясында ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін, кафедрада студенттерді дайындау.
4. 5В010800- «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша студенттік олимпиадалар дайындау және оларға қатысу.
5. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға студенттерді дайындау.
6.Қалалық КВН «Спортфак» командасын, аймақтық және республикалық «Жайдарман» сайыстарына дайындау.
7. «Волейбол», «Баскетбол», «Футбол», «Тоғызқұмалақ» «Қазақ күресі» үйірмелерін өткізу.

 Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Іс-шара

Мерзімі

Жауаптылар

Құқықтық және ақпараттық қолдау

1

Дарынды студенттерді қолдау жоспарын құру

Қыркүйек, 2020

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

2

Сайттағы студенттердің жетістіктері жайындағы ақпаратты орналастыру

Жыл бойы

Бағдарлама жетекшісі

3

Педагогтардың дарынды студенттермен жұмыс тәжірибесін ғылыми жинақтарда, бұқаралық ақпарат құралдары мен конференцияларда жүргізілуін ұйымдастыру

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

4

Әдістемелік кітапхананы дарынды студенттердің жұмысымен толтыру

Жыл бойы

Бағдарлама жетекшісі

Зияткерлік бағыт

5

ЖОО аясындағы олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыру және өткізу

Желтоқсан

2020ж.

Бағдарлама жетекшісі

6

«Алғашқы Президент Қоры» жас ғалымдар сайысы

Наурыз,

2021ж.

Кафедра меңгерушісі,

ПОҚ құрамы

7

Студенттердің үздік ғылыми жұмыстарына арналған АрқМПИ ректорының сыйлығын талап ету жөніндегі конкурс

Сәуір

2021 ж.

Кафедра меңгерушісі,

ПОҚ құрамы

8

Республика деңгейіндегі байқауларды, олимпиадаларды, конференцияларды ұйымдастыру және оларды дайындау

Жыл бойы

Бағдарлама жетекшісі

9

«Студенттің портфолиосы» байқауын ұйымдастыру және өткізу

Мамыр, 

2021

Бағдарлама жетекшісі

Әлеуметтік бағыт

10

«Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша жұмыс» куратор семинарын өткізу 

Ақпан,

2021

Кураторлар

11

Студенттік белсенді топпен бірлескен іс-шара өткізу

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

12

ЖОО шығармашылық іс-шараларына студенттердің қатысу жұмысын ұйымдастыру

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі, бағдарлама жетекшісі

Денсаулық сақтау бағыты

13

Студенттерді республикалық, Халықаралық, әлемдік жарыстарға қатыстыру

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі,

ПОҚ құрамы

14

Облыстық "Студенттік көктемі" фестиваліне институт құрамасын дайындау

Жыл бойы

Кафедра меңгерушісі,

ПОҚ құрамы