Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Дарынды студенттерді қолдау үшін бағдарлама әзірленді

Бағдарламаның мақсаты:
- Дарынды студенттерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүйесін жетілдіру.
- Студенттердің зияткерлік, шығармашылық және физикалық қасиеттерін анықтау және оларды дамыту үшін жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері
- дарынды студенттерді дамыту жүйесін құру және психологиялық негіздерін әзірлеу;
- әр түрлі деңгейдегі интеллектулдық-шығармашылық іс-шаралар арқылы студенттердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуды іске асыру үшін жағдай жасау;
- студенттердің ақыл-ой әлеуетін, танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған практикалық шараларды әзірлеу;
- дарынды студенттермен жұмыс істейтін оқытушылардың психологиялық және ғылыми-теориялық білімдерін арттыру;
- дарынды студенттермен жұмыс жасаудың озық психологиялық-педагогикалық тәжірибесін насихаттау мен тарату;
- дарындылықты қолдау бойынша жоғарғы оқу орнының және мәдени, спорттық және басқа да мекемелердің бірлескен жұмысын ұйымдастыру;
- дарынды балаларға арналған диагностикалау жүйесін әзірлеу;
-білім алушылардың мүдделерін, қажеттіліктерін өтеу үшін қосымша білім беру саласын дамыту.

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
- “Дарынды студенттер” мәліметтер базасын қалыптастыру;
- қолдау көрсетілетін дарынды студенттердің санын арттыру;
- дарынды студенттермен жұмыс жасау жүйесін жетілдіру;
- студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту;
- студенттердің әр түрлі деңгейдегі конкурстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысуы

2018-19 оқу жылына жасалған жұмыс жоспары бойынша «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының дарынды студенттеріне педагогикалық басшылық жасай отырып, зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік қызметтерінің нәтижесі негізінде «Дарынды студент» электрондық базасы жасалды; студенттердің жетістіктері жайлы сайта және БАҚ –да басылымдар жарияланды; студенттер жыл сайын өтетін институтішілік «Өркен-2018» студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты.
Қазан қаласында Қазан Федералдық университетінде өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, Аманбаева Севара «Портрет современного учителя» атты тақырыбында – жоғарғы орын дипломына ие болды. Кафедраның аға оқытушысы, магистр Умбетова М.Ж. жетекшілігімен студент Назимова Углой «Мультикультурное образование» атты жоба сайысы тақырыбында – жоғарғы орын дипломына ие болды. Сонымен қатар Алкеев Даулет «Мультикультурное образование» атты сайыс тақырыбында – 2 орын дипломына ие болды. Ахмаджанова Дона аға оқытушысы, магистр Умбетова М.Ж. жетекшілігімен «Учитель в мультикультурном мире» атты тақырыбында – 3 орын дипломына ие болды. Сантаева Акнур, Эрметова Зульфира, Ергешова Зарина, Абдулхакимова Ноира сайысқа қатысып марапатқа ие болды. Кафедра аға оқытушысы, магистр Р.Е.Жандилдинаның жетекшілігімен студенттер Бекетова Айдана, Жақсылық Ақсауле, Мұрат Айзат, Рысбай Ұлболсын «Мультикультурная школа» атты тақырыбында – 2 орын дипломдарына ие болды.
2018 жылдың желтоқсан айында «Тәуелсіз ел ертеңі – білімді жастар» тақырыбында шығармашылық жұмыстар(эссе, макет, жоба) байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мектеп мұғалімдері мен балабақша әдіскерлері шақырылды. Студенттер тың жобаларымен көзге түсті.
2019 жылдың сәуір айында дәстүрлі «Ғылым – ақиқат айнасы» атты пәндік олимпиада өткізілді. Байқауға 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 2,3 курс студенттерінен 4 команда қатысты. Олимпиадаға Торғай гуманитарлық колледжі студенттері шақырылды.
2019 жылдың желтоқсан айында аға оқытушы М.Н.Оспанбекованың жетекшілігімен төмендегі студенттер Абай атындағы ҚазҰПУ мен Qaztest.kz сайтының профессор Р.М.Қоянбаевтың 80 жылдық мерей тойы қарсаңында бірлесе ұйымдастырған «Жас Қоянбаевтанушы» студенттік олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды:
1. Дуйсенбек А. – ІІ дәрежелі диплом
2. Сагындық Алтынай – ІІ дәрежелі диплом
3. Ашимова Н.- ІІІ дәрежелі диплом
4. Бостекбаева А.Е. – ІІІ дәрежелі диплом
5. Базарова А.А. – ІІ дәрежелі диплом .
Кафедраның аға оқытушысы, магистр Р.Е.Жандилдинаның жетекшілігімен «Значение методики робототехники в дошкольных учреждениях» атты жобамен Жаксылык А. и Бекетова А. І орын иеленсе, «Эффективность воспитания молодого поколения на основе технологии гуманизации идей Мәңгілік ел» атты жобамен Сайран С. Б., Сабитбек А. М. ІІІ орын иеленді.
2019 жылдың желтоқсан айында Қазан қаласында Қазан Федералдық университетінде өткен «Учитель в мультикультурном мире» халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
1) Ахмаджанова Дона – 3 орын «Диалог культур» ғылыми-зерттеу жұмыстары бағыты бойынша ;
2) Жаксылыкова Шугыла, Сабыргали Акдана, Тажиматова Мадина, Сакенова Назерке, Калижанова Назерке – эссе байқауында «Лауреат» дипломын иеленді. Жумабаева Баянсулу - 2 орын, Мутан Перизат - 3 орын;
3) Ергешова Зарина - 2 орын «Кросскультурная психология и мультикультурное образование» ғылыми-зерттеу жұмыстары бағыты бойынша ;
4) Дуйсенбай Гульназ 2 орын «Мультикультурное образование» ғылыми-зерттеу жұмыстары бағыты бойынша.