

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы 2010 жылғы келісім аясында педагогика және психология кафедрасының оқытушылары әлеуметтік педагогика және психология және өзін-өзі тану кафедрасымен ынтымақтастықта әрекет етеді. Ынтымақтастық аясында 2010 жылы қазақ және орыс тілдерінде авторлары Калкеева Камарияш Райхановна, Ахметова Пернекуль Алимовна, Бижанова Галия Коянбаевна, Алькуатова Асель Лайыковна болып табылатын «История образования и педагогической науки Казахстана» (ISBN 9965567743) оқу құралы әзірленді және басып шығарылды. 2016 жылы берілген еңбек электронды оқу құралы болып түрлендірілді (ISBN 9786017892142).
2016 жылы сәуірде этнопедагогикадан дәріс оқу мақсатында әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының педагогикалық ғылымдарының докторы Кертаева Калиябану Махметовна шақыртылды.
Шетелдік профессор Ян Данектің келуі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен шетелдік жетекші ғалымдарды шақыру бағдарламасына сәйкес қазанның 21 -29 аралығында Ы.Алтынсарин атындағы АрҚМПИ базасында, Ss. Cyril and Methodius университетің prof. PaedDr. CSc Ян Данек институт оқытушылары мен студенттеріне «Philosophy of Education in the context of Globlaization and European integration processes» атты семинар өткізді. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды!