Кафедраның ғылыми ұйымдар мен білім беру мекемелерімен ынтымақтастығы

Ғылыми ұйымдар мен бб мекемелерімен ынтымақтастығы

БББ-ның мазмұны жылына бір рет қайта қаралады, мүдделі тараптардың (жұмыс берушілер, ПОҚ, студенттер) ұсыныстары бойынша Ғылыми кеңестің шешімі негізінде БББ-на, ЭПК-на өзгерістер енгізіледі. Жұмыс берушілердің БББ-н әзірлеуге қатысу тәртібі институттың Ғылыми кеңесі бекіткен «Модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілерді тарту тәртібі туралы ережеге» сәйкес жүзеге асырылады.
Мамандықтардың БББ әзірлеу және жүзеге асыру жұмысы бойынша А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп маманы С.М.Бапақова кафедра мәжілісіне қатысып: «жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкесті бастауыш білім беруде заманауи пәндердің енгізілуіне байланысты білім алушыларды кәсіби-дайындалған педагог ретінде дайындап шығуымыз қажет»-дей отыра мына арнайы курстарды ұсынды: «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»–«Информационные коммуникационные технологии», «Жаратылыстану негіздері» - «Основы естествознания», «Сауат ашу әдістемесі» - «Методика обучения грамоте» .
«Ақбота» балабақшасының әдіскері С.А.Хасенова жаңартылған бағдарламалардың енгізілуі мектепке дейінгі ұымның педагог-тәрбиешілерімен қоса болашақ мамандарға да зор жауапкершілік жүктейтінін айтып кетті. Мамандықтың БББ аталған пәндерді енгізуді ұсынамын: «Сауат ашу әдістемесі» - «Методика обучения грамоте», «Методика преподавания художественной литературы», «Драманы оқыту әдістемесі» - «Методика преподавания драмы», «Жаратылыстану негіздерін оқыту әдістемесі» «Методика преподавания Основ естествознания».