Мамандандырылған аккредиттеуден кейінгі ескертулер мен ұсыныстарды талдау

5В011000-Физика білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитация ұсыныстары мен ескертулері бойынша  талдауы

Ұсыныстар

Ескертулер

Түзетулер

Стандарт 1

Құзыретті мамандар даярлауда білім беру бағдарламасының  рөлін айқындау,  сәйкес сала мамандарының халықаралық, ұлттық, аймақтық мүдделері мен қажеттіліктерін қолдану арқылы  білім беру бағдарламасының мақсатын өзектілігін арттыру.

 

«5В011000-Физика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының (бұдан әрі қарай БББ) мақсаты

  – 5В011000-Физика мамандығының бакалаврын даярлау бойынша білім берудің ұлттық моделіне негізделген, нәтижеге бағытталған және қазіргі заманғы ғылыми-практикалық деңгейде  әлеуметтік маңызды мәселелерді педагогикалық қызмет аясында шығармашыл және жоғары кәсіби шеше алатын қабілетті,  мәдениеттілік  және коммуникативтілікке ие жаңа формация маманын даярлау

Білім беру бағдарламасының өзектілендірілген мақсаты:

Білім беру бағдарламасының мақсаты - 5В011000-Физика мамандығы бойынша бакалавр даярлау, аймақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын білім берудің ұлттық моделіне негізделген, нәтижеге бағытталған және қазіргі заманғы ғылыми-практикалық деңгейде  әлеуметтік маңызды мәселелерді педагогикалық қызмет аясында шығармашыл және жоғары кәсіби шеше алатын қабілетті,  мәдениеттілік  және коммуникативтілікке ие жаңа формация маманын даярлау.

2 Стандарт.

Білім беру бағдарламасын жетілдіру және түзетулер енгізу үшін кешенді бағалау жүйесін пайдалану арқылы білім беру бағдарламасының  даму жоспарын әзірлеу.

 

Білім беру бағдарламасын жақсарту үшін даму жоспарын әзірлеу. Математика және физика кафедра отырысының 11.24.2015 жылғы №5 хаттамасы.

 

Стандарт 3 Студенттерді халықаралық және республикалық деңгейдегі әр түрлі жарыстарға қатыстыру Студенттердің академиялық ұтқырлық жоспарын әзірлеу және іске асыру.

2015-2016 оқу жылы физика мамандығының студенттері: Мукиат С., Иланова А., Қуан А., Кененбай Т. республикалық деңгейде түрлі жарыстарға қатысты.

Студенттердің академиялық ұтқырлық жоспары әзірленді.

 

Стандарт 4

5В011000 – Физика мамандығының білім беру бағдарламасын даярлауға  жұмыс берушілерді жұмылдыру жөніндегі жұмыстарды талдау барысында жұмыс берушілер түлектердің

дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға, оның мазмұнымен жұмыс жасауға кеңес беруде қатысуы жеткіліксіз көрсетілген.

5В011000 – Физика мамандығының білім беру бағдарламасын даярлауға  жұмыс берушілерді жұмылдыру жөніндегі жұмыстар жүргізу. 2016-2017 оқу жылында 5В011000-Физика мамандығы 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарына кеңес берушілері қала мектептерінің оқытушылары болды.

 

Стандарт 5

Оқытушылардың дәрежеленген үлесі жеткіліксіз болғандықтан магистр-оқытушылар нөлдік емес импакт-факторлы басылымдарда өздерінің ғылыми жұмыстарын жариялауда белсенділігін көрсеткені жөн. БжҒМ тарапынан қаржыландырылатын гранттық жобалар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу белсенділігін арттыру қажет.

2015-16 оқу жылында В.Ж. Успанова,  Ғ.М. Әбілдаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы грант бойынша магистратура білімін алып, жас маман ретінде кафедра ПОҚ санын арттырды.

2014 жылдан бастап физика мамандығы оқытушыларының ЖАК құрамына кіретін ЖОО Хабаршыларында 17 ғылыми мақалалары жарық көрді.

 

Стандарт 6. Халықаралық мәліметтер деректеріне, сонымен қатар ағылшын тілінде білім беру бағдараламасының бар болуын есепке алумен ағылшын тілді оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетілімділікті қамтамасыз ету. Кітапхана қорын соңғы жалдары басылып шыққан ағылшын тілді әдебиеттермен толықтыру.

23 мамыр 2016 жылғы №89 келісім-шарт негізінде  Алматы қ. АҚ «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» on-line түрде қайтымсыз негізде  электрондық Thomson Reuters компаниясының  Web of Science ақпараттық ресурстармен  тегін қамтамасыз етеді.

Ағылшын тілінде физиканы оқыту бойынша 28 оқулық сатып алынды.

5В010900-Математика білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредитация ұсыныстары мен ескертулері бойынша  талдауы

Ұсыныстар

Ескертулер

Түзетулер

Стандарт 1

Білім беру бағдарламасының негізгі тұтынушылары ретінде жұмыс берушілерді түлектердің кәсіби құзыреттерін айқындай отырып, білім беру бағдарламасының мақсатын және элективті пәндер каталогын қалыптастыруға тарту.

 

Білім беру бағдарламасы мақсатында бағдарламаға элективті пәндер блогын қосу есебінен қол жеткізілген мамандықтың ерекшелігі көрсетілген. Аймақтың білім беру мекемелері ББ мазмұнын талқылауға қатысады. Жұмыс берушілердің консультациялары мен сауалнамаларының, өңірлік білім басқармаларының түрлі іс-шараларының, жұмыс берушілердің өтінімдерінің, бұрынғы түлектермен әңгімелесулердің негізінде жан-жақты талдау жүргізіледі және мұғалімдердің біліктілігіне қойылатын талаптардың қазіргі заманғы проблемалары айқындалады. Осыдан кейін осы мәселелерді шешу үшін кафедрада элективті курстардың тізімі жасалып, жұмыс берушілерге таратылады. Жұмыс берушілер таңдаған элективті курстар оқу жоспарларына енгізіледі.

Стандарт 3 

Студенттерді республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі конкурстарға қатысуға тарту .

 

Математика мамандығының 4 және 3 курс студенттері 2016 жылдың 06-07 сәуірінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

Стандарт 5

Ғылыми дәрежесі бар оқытушылар үлесінің жеткіліксіздігі, осыған байланысты оқытушы - магистрлер өздерінің ғылыми жұмыстарын нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда жариялау жұмысында белсенділік танытулары керек. ҚР БҒМ қаржыландыратын гранттық жобалар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда белсенділікті арттыру қажет.

 

2015-16 оқу жылында Математика мамандығының ПОҚ санын мақсатты грант бойынша Еуразия ұлттық университетінде оқыған магистр Каримова Д.М. толықтырды.

Нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда ғылыми жұмыстарды жариялау бойынша жұмыстағы белсенділік көрінісі

 

Магистрлер Джакетова С.Д., Тулегенова А. К., Абдрахманова м. т. нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарға мақала жариялады.