

1. Аккредиттелетін ББ дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды жаңарту процедурасын әзірлеу.
2. ББ қауіп-қатерлерінің дамуын бағалау тәжірибесін жүргізуді жалғастыру.
3. Эксперименттік режимде қосарлы оқытуды енгізу мүмкіндігін қарастыру.
4. Оқу нәтижелерін қалыптастыруға пәндер мен кәсіби тәжірибенің әсерін анықтау бойынша мамандарды тарту тәжірибесін жалғастыру.
5. Үш тілде білім беруді дамыту үшін білім алушыларға оқытудың тіліне тәуелсіз жеке модульдерді оқып үйрену тілін таңдауға жағдай жасау мүмкіндігін қарастыру.
6. Шетелдік білім беру ұйымдарымен «Физика», «Информатика», «Математика» мамандықтары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін қарастыру.
7. Студенттердің оқу жұмысының барлық түрлерін бағалаудың критерийлерін әзірлеу (тәжірибе, зертханалық жұмыс, студенттердің өзіндік жұмысының барлық түрлері және т.б.).
8. Оқу үрдісінің барлық қатысушыларына түсінікті болатын жүйелі негізде оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалану және оқу нәтижелерін бағалау туралы кері байланыс орнату бойынша жұмысты жалғастыру.
9. Білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықтарын жүзеге асыру бойынша бағдарламаны әзірлеу.
10. Дарынды білім алушыларды қолдау үшін жүйелі негізде дарынды білім алушылар дерекқорын құру.
11. Академиялық ұтқырлықтың кіріс және шығыс мүмкіндіктері туралы ақпаратты ПОҚ-на насихаттау.
12 ПОҚ-тың қызметін бағалау рейтингтік жүйесін әзірлеу (KPI негізінде), нәтиже бойынша марапаттау және ынталандыру шешімінің қабылдануы.
13. Мектептер базасыда тәжірибелік және зертханалық сабақтарды өткізу мүмкіндігін қарастыру.
14. ҒЗЖ, дипломдық жұмыс нәтижелерін плагиат бойынша сараптау, қорытынды жұмыстар жасау.
15. Аккредиттелетін ББ дамыту жоспарында қазіргі заманғы мектептерде қолданылатын жабдықтармен, бағдарламалық жабдықтарды сатып алу (атап айтқанда, қазіргі заманғы физика кабинеттерінде қолданылатын физика үшін зертханалық жабдықты сатып алуды жоспарлау).
16. Болашақ мұғалімдерді білім берудің жаңартылған мазмұны контекстінде жұмысқа дайындау үшін мектеп мұғалімдерін ББ шеңберінде сабақ беруге тартуды жалғастыру.