Мамандандырылған аккредиттеуден кейінгі ескертулер мен ұсыныстарды талдау

5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өтуі

2015 жылы 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»  білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
Аккредиттеуді өткізген БСҚТҚА (Білім беру сапасын қамтамасыз ететін тәуелсіз Қазақстандық агенттік). Білім беру бағдарламасын аккредиттеу 7 стандарт бойынша өткізілді.
Қорытындысында, білім беру бағдарламалары барлық 7 стандарт талаптарына сай келді. Өзін-өзі бағалау есебіне жүргізілген талдау негізінде, алдын-ала жүргізілген аудит есебі бойынша, білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ететін тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ішкі есебі 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді ұсынды.
Қорытындыға сәйкес, 5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша бірнеше ұсыныстар жасалды және осы ұсыныстар бойынша келесі шаралар қабылданды:

Ескерту 

 Ұсыныстар

Түзетуші іс-әрекеттер

 

Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мақсатын анықтауды жүйелі түрде жүргізу; 5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200 -«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша бітірген мектеп және колледж түлектермен үгіт - насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізу.

Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мақсаты жүйелі түрде анықталуда; 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша бітірген мектеп және колледж түлектермен үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде түрде атқарылуда.

 

Білім беру бағдарламаларындағы пәндер бойынша мемлекеттік тілде авторлық оқу-әдістемелік әдебиеттер, электронды оқулықтар, мультимедиялық  презентациялар дайындаудың жоспарын әзірлеу.

Білім беру бағдарламаларындағы пәндер бойынша мемлекеттік тілде авторлық оқу-әдістемелік әдебиеттер, электронды оқулықтар, мультимедиялық  презентациялардың  жоспары дайындалуда.

 

Студенттерді халықаралық конференцияларға, ғылыми жобаларға, ғылыми-ізденіс жұмыстарына қатысуға ынталандыру мақсатында жұмыстар жүргізу.

Студенттерді халықаралық конференцияларға, ғылыми жобаларға, ғылыми-ізденіс  жұмыстарына қатысуға ынталандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Төкен Айгүл «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық конкурста бірінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, 2015-16 оқу жылында Журабекова Аяужан республикалық «Тұңғыш Президент Қоры» ғылыми студенттік конкурсына «Жекелеп оқыту бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбындағы ғылыми жобасымен қатысып 2 орынды иеленіп және

2 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015-16 оқу жылы 3 курс студенті Умирбаева Аягоз Ректор атындағы жүлдеге «Мир без преград»тақырыбындағы ғылыми жобасымен қатысып жүлделі 2 орынды иеленді. Аталған конкурсқа «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті А.А: Күнғозиева «Бастауыш сыныпта оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы ғылыми жобасымен қатысып бағын сынады.

 

Студенттерді сыртқы мобильдік оқу бағдарламасына кеңірек тарту. «Рlatonus» электронды оқу бағдарламасының мүмкіндіктерін жетілдіру.

 2013-14 оқу жылы мобильдік оқу бағдарламасы бойынша студент Дәліқұлова Дания Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде және 2013-14  оқу жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ерназымова Ақсауле мен Аманбай Жансерік білім алмасып келді.

«Рlatonus» электронды оқу бағдарламасының мүмкіндіктері жетілдірілу үстінде.

5В010100 -«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша ПОҚ - құрамының ғылыми дәрежесін арттыру үшін жағдай жасау. Институттың ішкі аудит жүргізу нәтижесінде аталған мамандық оқытушыларының ғылыми дәрежесінің үлесі 38% пайызды көрсеткен болатын.

ПОҚ - құрамын Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ЖОО және шетелдік ЖОО ғылыми тағлымдамадан өтуіне мүмкіндік жасау.

ПОҚ құрамын ғылыми –ізденіс  жұмыстарына белсендіру сонымен қатар, импакт-факторлы халықаралық журналдарда мақалалар жариялауларына көмек беру.

.

Жоспар бойынша мақсатты грант негізінде магистратураны:кафедра оқытушылары

ОспанбековаМ.Н., Темирханова Қ.Ш., Мұханбетжанова А.А., Тажибаева Д.Б., Жүнісова Р.Қ., Мақсұтқызы А тәмәмдады.

2015 жылдың, қараша айында Португалия мемлекетінде шетелдік ЖОО мен тәжірибе алмасу мақсатында кафедраның аға оқытушысы Қ.Ш. Темирханова «Университетте жоғары білім беру әдістемесі және білім берудің инновациясы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан  өтті. Сонымен қатар Қ.Ш. Темирханова 2013 жылдың қараша айында А.И. Герцен атындағы Рессей мемлекеттік педагогикалық институтында тағлымдамадан өтіп келді.

Мұханбетжанова А.А.(2014 ж. қараша) Жунусова Р.Қ.(2015 ж. сәуірде) Түрік елінің Нийде университетінде тағылымдамадан өтті.

 

Институттың толықмәтіндік электронды ресурстарына қол жеткізуді жақсарту және оқу, ғылыми білім беру іс-әрекеттеріне ақпараттық қолдау көрсетуді жандандыру.

АБК бірге ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мамандыққа қажетті оқу- әдістемелік әдебиеттер тізімі жасалды.