Мамандандырылған аккредиттеуден кейінгі ескертулер мен ұсыныстарды талдау

САПАНЫ ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМҒА ШОЛУ

Институт қызметін жетілдіру мен дамытуды одан әрі жақсарту мақсатында аккредиттелетін ББ негізінде жұмыс нәтижелері туралы қорытынды есебі бойынша АРТА СЭК ұсынады:
1.«Білім беру бағдарламасын басқару» стандарты
- ҒЗЖ жеткілікті деңгейін есепке ала отырып, элективті пәндер каталогына авторлық курстарды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынаылады;
- ПОҚ зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша аккредиттелетін бағдарламалық кластер әзірлеу;
- ББ жетекшілері үшін білім беру менеджменті және студентке бағытталған оқу курсын ұйымдастыруды жалғастыру;
2.«Ақпаратты басқару және есептілік» стандарты
- ББ іске асыру қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауды қамтамасыздандыру тәжірибесін жалғастыру;
3.«Білім беру бағдарламасын әзірлеу және бекіту» стандарты
ББ шеңберінде көрсетілгендей білім беру траекториясының қосымша мүмкіндіктерін қарастыру;
-ББ ПОӘК қалыптастыруда құжаттамаларды белсендіру;
ББ шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлесе дайындау мүмкіндігін қарастыру;
4.«Білім беру бағдарламаларын ұдайы мониторингілеу және кезеңдік бағалау» стандарты
- жұмыс берушілерді (Арқалық қ.мектептері) тарту тәжірибесін жалғастыру, ББ мониторингілеу;
- элективті пәндер каталогын кеңейту, оқу пәндерін есепке ала отырып, кәсіби- маңызды және пәнаралық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
5.Студентке бағдарланған оқыту, оқытушылық және үлгерімді бағалау» стандарты
-педагогикалық кәсіби қызметтің ерекшелігін есепке ала отырып, оқытуды кешенді бағалау нәтижелері мүмкіндігін кіріктірілген пәнаралық жоба арқылы дайындауды қарастыру;
-білімді тексеру және оқытудың түрлі әдістерін қолданудың мониторингін жүргізу;
- студентке бағдарланған оқыту аясында аккредиттелетін ББ ПОҚ біліктілігін жоғарылатудың кешенді бағдарламасын дайындау;
6.«Білім алушылар» стандарты
- сыртқы және ішкі мобильдік оқыту мүмкіндігін қарастыру, сыртқы білім гранттарын алуға мүмкіндік жасау, ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және академиялық мобильдік бағдарламаны ақпараттандыруды қолдау, соның ішінде сілтемелер дайындау;
- институттың медиаорталық қызметі мен волонтерлық қызметіне білім алушыларды тарту;
- ББ акредиттелетін білім алушыларды институттың медиаорталық қызметіне, волонтерлікке тарту.
7.«Профессорлық-оқытушылар құрамы» стандарты
- КРІ енгізудің мүмкіндіктерін қарастыру, ПОҚ қызметін бағалаудың дифференциалды жолын әзірлеу;
- ПОҚ-тың ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктерін анықтау;
- ББ іске асыруда отандық, атақты шетелдік ғалымдарды тарту, соның ішінде виртуальды режимдегі мүмкіндіктерді қарастыру;
- ПОҚ академиялық ұтқырлықты дамыту бағдарламасын әзірлеу.
8.«Білім беру ресурстары және студенттерді қолдау жүйелері»» стандарты
- ББ пәндерінің бөлімдерінде ақпараттық құрылымдар ішінде АИС «Platonus» оқу- әдістемелік құжаттарын толықтыру жұмыстарын жалғастыру. (перезентациялар материалдары, видеолар, дәріс конспектілері, ПОҚ- ның ғылыми еңбектері , өзекті оқу әдебиеттер және т.б).
- диплом жұмыстарын, жеке ғылыми жұмыстарын нәтижелерін плагиатқа тексеру жүйесі механизмін әзірлеу;
- ақпараттық бюллетень ұйымдастыру.
9.«Жұртшылықты ақпараттандыру» стандарты
- ПОҚ жеке парақшасын құру жұмыстарын күшейту және олардың кез келген қызығушылық танытқан тұлғалар үшін интернет- ресурстарда қолжетімділігі .
10.Жекелеген мамандықтар бойынша стандарт
- ББ көрсетілгендей оқу процесін жүзеге асыруда іс- тәжірибелердің түрлі формаларын енгізуді қолдану.