Оқу және ғылыми зертханалар

Радиоэлектроника және астрономия зертханасы.

Тұрақты токтың сызықтық электрлік тізбегі.

Жұмыстың мақсаты:

Қарапайым электрлі тізбекті жинауды өлшеуіш приборлардың электрлік тізбегінің қосылуы кезінде тәжірибе жинау. Кернеу мен токты өлшеуді үйрену, сызықты электрлі тізбектегі Ом және Кирхгоф заңдарының сақталуына көз жеткізу. Тізбектей параллельді және аралас жалғану кезіндегі бір тұтынушының басқа тұтынушымен жұмыс режимінің өзгеру параметрлерінің әсерін зерттеу.
1. Жұмыстың орындалу реті.
1.1 зертханалық қондырғымен танысу
1.2 элементтерінің тізбектей жалғануы бар тұрақты токтың сызықты электрлік тізбегін жинап тексеру үшін оқытушыға схеманы көрсету.
Жұмыс бойынша есеп мазмұны келесідей:
A. Жұмыстың аты және мақсаты
B. Эксперименттер схемасы
C. Алынған эксперименталды мәліметтердің кестесі
D. Есептеулер нәтижелері
E. Жұмыс бойынша қорытынды

Fizmat LAB

Кванттық оптика зертханасы.

Жарықтың дифракциясы құбылысын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:

Жарықтың дифракциясы құбылысы мөлдір емес кедергі маңынан түзу сызықты таралу құбылысынан ауытқуы.Мысалы: кейбір шарттарда дөңгелек экранның көлеңкесінің ортасында ақ нүкте пайда болады.

Құрал-жабдықтар: дифракциялық решетка , жарық-сүзгі, оптикалық орындық, шкаласы бар жарықтандырғыш.
Дифракцияның негізгі шешеін мәселесі кедергінің өлшем мен түріне байланысты экрандағы жарықтанылудың орналасуын анықтау.Мұндай мәселені Максвелдің электромагниттік теориясына сүйеніп болжалмайтын метематикалық шешу өте күрделі болып табылады.
Дифракциялық решетканың көмегімен жарық толқынның ұзындығын анықтау.
Монохрамат жарық толқынының ұзындығы дифракциялық решетка көмегімен анықтауға болады . Енділігі бірдей , өзара параллель орналасқан саңлаулар жиыны әдетте дифракциялық решетка деп аталынады.Егер шыны пластинкасының бетіне бөлгіш машинкамен қашықтарын бірдей етіп , өзара параллель бірнеше сызықтар жүргізілсе , сонда пластинканың сызылған орындары күңгірт , сызылмаған орны мөлдір болады.Сызықтардың орны жарықты шашыратады.
Екі сызықтың арасы саңлаудың ролін атқарады .Қазіргі кезеңде ең жақсы деген дифракциялық решеткаларға 1мм-ге 1700ге дейін сызық сызылады. Мұндай решеткалардың арзан түрін желотинге таңба түсіру не пластамассаға В түсіру арқылы жасайды.Шрихтары көп емес дифракциялық рещетканы фотография методымен жасайды.
Толқын ұзындығын анықтауға арналған қондырғының сыртқы көрінісі 6-суретте келтірілген .Оптикалық орындыққа Р түтігі бекітілген сырғанағыш қозғала алады .Түтікшегі дифракциялық решетка орнатылған жарықтандырғыштың мөлдір емес корпусынан М төртбұрыш түрінде саңылау электр шамымен жарықтандырылады. Саңлау мен шам арасына алынатын (алмалы-салмалы) монохраматты жарық сүзгі қойылады .Егер дифракциялық решетка арқылы монохрамат жарықпен жарықтандырылған саңлауға қараса , онда АВсаңлаудың кескінінен басқа бүйірінен симметриялық кескіндер көрінеді.Әрбір бүйірлік дифракциялық кесіндерВД_(1=)ВД_2=δ шамаларына ығысқан 7-суретте саңылаудың кескінін түзетіп сәулелер бейнеленген . Сірә , Р саңылаудың решеткаға дейін қашықтық R,φ-бұрышы өте кішкене болғандықтан tgφ-ді қажетті дәлдікпен sin⁡φ мен ауыстыруға болады.

lab 2

Мектеп тәжірибесінің техникасы зертханасы.

Обербек маятнигінің көмегімен қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі заңын тексеру

Жұмыстың мақсаты:

Обербек маятнигі көмегімен қатты дененің айналмалы қозғалысының заңдылықтарымен тәжірибе арқылы танысу.

Керекті құрал – жабдықтар: Обербек қондырғысы, штангенциркуль, миллиметрлік сызғыш, электрлік секундомер, жүктер жиыны, ELWRO қондырғысы.
Обербек маятнигі қос шкивке бекітілген крестовинадан (бір-біріне 900 бекітілген екі стержень) тұрады. Оның айналыс осі горизонталь орналастырылады да, подшипниктерге бекітіледі. Аспаптың айналысы шкивке оралған жіп көмегімен жүзеге асырылады.
Обербек маятнигіндегі инерция моментін және үйкеліс күші моментін анықтау.

Lab 3

Робототехника негіздері зертханасы

Робототехника негіздері зертханасы-оқу процесіне заманауи ғылыми-практикалық технологияларды енгізуге бағытталған заманауи білім беруді дамытудың инновациялық-білім беру жобасы. Зертхана жұмысының негізінде "идеядан іске асыруға" принципі жатыр: нәтижеге бағытталумен жобалық және практикалық-бағытталған қызметпен біріктірілген заманауи технологиялар. Зертханада орта мектептің орта сынып оқушылары (5-8 сынып), "Физика және математика" және "информатика"кафедрасының студенттері оқиды.Зертхана оқушылар мен студенттерге ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамытуға, командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Сабақ барысында оқушылар робототехникалық жүйелерді құрудың барлық кезеңдерінен (тұжырымдаманы әзірлеуден) жарыстарға қатысуға және практикалық енгізуге дейін өтеді.