Оқу және ғылыми зертханалар

«Балдырған» зертханасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30.01.2010 жылғы халыққа Жолдауында атап көрсетілгеніндей, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының ауқымын кеңейту мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының базасында «Балдырған» зертханасы ашылды.
Зертхананың негізгі мақсаты – 4-6 жастағы балалардың ұлттық рухани құндылықтарды игеріп, жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын педагогикалық үрдісті ұйымдастыру болып табылады.
Зертхананың негізгі қызметі:
• Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының шексіздігін тудырып және кешенді дамуын ұйымдастыру;
• 4-6 жастағы балалардың мектепке дайындығын қамтамасыз ету;
• Мамандардың кәсіби қарым-қатынасы мен мектепке дейінгі мекеменің педагогтары мен мамандарының тәжірибе алмасуын ұйымдастыру;

«Балдырған» зертханасы
 «Асыл мұра» - «Ценное наследие»
 «Табиғат мүйісі» - «Уголок природы»
 «Жол қауіпсіздігі» - «Правила дорожного движения»
 «Денсаулық» - «Здоровье»
 «Оқу-танымдық» блогы - «Учебно-познавательный» блок


«Асыл мұра» блогында: киелі шаңырақтың астында баланың жеке басын үйлесімді дамыта отырып, өз халқының тілін, дінін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойларына сіңіріп, ұлт мәдениетінің қыр-сырларына қанығып өсуіне жағдай туғыза отырып, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген өзіндік танымдық қабілеттерін дамыту көзделеді.

Naslediye


«Табиғат мүйісі». Жас жеткіншектерді туған табиғат аясында тәрбиелеудің де маңыздылығы ескеріліп, айналаны қоршаған орта құбылыстарының сыры мен сипатына қанықтырып өсіру үшін арнайы бұрыш қойылған.

Priroda

«Жол қауіпсіздігі». Жас жеткіншектердің жолда жүру ережелеріне мұқият болып, арнайы жол ережелерін есте сақтап, тәртіптілік пен зеректікке баулудың да қажеттілігіне сай тақырыптық сабақтар жүргізу үшін қажетті әдістемелік бұрыш дайындалған.

PDD

PDD 2

«Денсаулық». Келесі бір бөлім – денсаулық блогы. Мұнда балалар өмірін сақтау мен денсаулығын нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу – тәрбиешілердің ең басты жұмыстарының біріне жатқызылады. 

Zdoroviye
«Оқу-танымдық» блогы. «Балдырған» шағын орталығында тәрбиеленуші балалардың жаһандану заманына лайықты тәрбие мен білім алып, жеке тұлғалық танымдарын жетілдіруде арнайы әдістемелік құралдармен жабдықталған бөлменің маңызы зор. Бұл бөлмеде жас жеткіншектерді жаңашылдыққа, білімге құштарлыққа, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан көрсетуге деген ерекше қабілеттілікті дамыту мақсатында жүргізілетін арнайы бағдарлы іс-шаралар жүзеге асырылады.

Балалардың көзбен көріп, есте сақтау қабілеттерін арттыруда түрлі-түсті ойыншықтар мен көрнекі құралдардың маңызы зор. Балаларға әліппені балғын шақтан жаттата отырып, әріпті үйреткен соң сол әріптен басталатын сөздердің үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) айтылуын үйрету де негізгі мақсатты жұмыстардың біріне жатқызылады. Өйткені балалардың белсенді сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету – негізгі шарттардың бірі. Сондықтан да балалар мен ересектердің қатынас құралы ретіндегі үш тілдік ортаның ерекшелігі ескеріліп, сөздерді үш тілде үйретуді басты назарда ұстаймыз.
Баланы қоршаған орта құбылыстарымен таныстырып, олардың интеллектуалдық қарым-қабілеттерін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту үшін қолданылатын компьютерлік құрылымдардың маңызы зор. Израильдық технология негізінде балаларға
білім беру – басты жұмыстарымыздың біріне жатқызылады.
«Eduplay» бағдарламасы бойынша мынадай нәтижеге жету көзделеді:
- балалардың ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- жаңа ұғымдарды меңгерту;
- көру және есту қабілеттерін дамыту.
«Multkid» бағдарламасы бойынша мынадай нәтижеге жету көзделеді:
- қоршаған орта жайлы жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
- Балаларды компьютермен жұмыс жасауға дағдыландыру.

UPB


2019-2020 оқу жылында «Балдырған» зертханасы 2 ғимараттан 1 ғимаратқа көшірілуіне байланысты ықшамдалып, қайта жасақталды. Қазіргі таңдағы көрінісі төмендегідей:

Baldyrgan 1

Baldyrgan 2

Baldyrgan 3

Baldyrgan 4