Қабылдау ережелері

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қабылдау

Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
Шығармашылық дайындықты талап ететінжоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда,ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімніңбілім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, ҰБТ нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» кемінде 75 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткенжәне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын қоспағанда, ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететінжоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда,ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен – кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген,қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

Түсушілерді Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатарына қабылдау Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаныңбұйрығымен қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуғатүсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.
Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:
1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
5) ҰБТ сертификатын;
6) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
7) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) адамдар 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады
Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№15173болып тіркелген) (бұдан әрі – №204бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау жөнінде өтініш береді және Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.
Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылданады.


 Шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсушілерге арналған ақпарат

6В01401 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлердің шығармашылық емтихандарына қойылатын талаптар

Толық курс үшін (дайындықсыз)
1. Орындау шеберлігі:
– Қара дауыспен әндету (халық әні немесе композиторлық ән);
– Музыкалық аспапта шығарма орындау (домбыра, қобыз, баян, гитара, фортепиано т.б.) немесе аспапқа қосылып әндету.

2. Музыкалық қабілеттілікті тексеру:
– есту қабілеті;
– ырғақтық сезім;
– есте сақтау қабілеті.

Жеделдетіп оқыту үшін (музыкалық колледж бітіргендер)
1. Орындау шеберлігі:
– Күрделі музыкалық шығарма (соната, концерт, полифония т.б.);
– Пьеса (Орыс, шетел, қазақ композиторларының шығармаларынан).

«6В01401 – Музыкалық білім» ББ талапкерлеріне арналған кеңес беру кестесі

Күні

Уақыты

Пән атауы

Оқытушылардың аты-жөні

04.07.2022 ж., дүйсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Негізгі музыкалық аспап (домбыра, баян, қобыз, фортепиано, т.б.)

Аға оқытушы, магистр Кауметова Д.Р.

Аға оқытушы Шаяхметова А.А.

05.07.2022 ж., сейсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Негізгі музыкалық аспап (домбыра, баян, қобыз, фортепиано, т.б.)

Аға оқытушы Шаяхметова А.А.

Оқытушы Абдрахманова Р.С.

06.07.2022 ж., сәрсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Негізгі музыкалық аспап (домбыра, баян, қобыз, фортепиано, т.б.)

Оқытушы Абдрахманова Р.С.

Аға оқытушы, магистр Кауметова Д.Р.

07.07.2022 ж., бейсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Негізгі музыкалық аспап (домбыра, баян, қобыз, фортепиано, т.б.)

Аға оқытушы, магистр Кауметова Д.Р.

Аға оқытушы Шаяхметова А.А.

01.07.2022 ж., жұма

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Негізгі музыкалық аспап (домбыра, баян, қобыз, фортепиано, т.б.)

Аға оқытушы Шаяхметова А.А.

Аға оқытушы, магистр Кауметова Д.Р.

08.07.2022 ж., сенбі

9.00 – 12.00

Негізгі музыкалық аспап (домбыра, баян, қобыз, фортепиано, т.б.)

Оқытушы Абдрахманова Р.С.

Кеңес беру 4 қабат №411 аудиторияда өтеді

 

6В01405 - «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлердің шығармашылық емтихандарына қойылатын талаптар

Визуалды өнер (Сурет)

1. Берілген қойылымды парақ бетіне тепе-тең етіп орналастыру.
2. Конструкциялық құрылымын симметриялық тәртіппен орналастыру.
3. Жарық көлеңке заңдылықтарын пайдалана отырып, қойылымның көлемін көрсету.

Визуалды өнер (Кескіндеме)

1. Берілген қойылымды парақ бетіне тепе-тең етіп орналастырып, композициялық шешімін табу.
2. Конструкциялық құрылымын симметриялық тәртіппен орналастыру.
3. Жарық көлеңке заңдылықтарын пайдалана отырып, қойылымның көлемін көрсету, бояу түстерімен жазу.

Емтихандарға керекті құрал-жабдықтар

1. Қағаз (формат А-3)
2. Қарындаштар Т, ТМ, М немесе Н, НВ, В
3. Акварель бояуы және қыл қаламдар
4. Өшіргіш
5. Бастырғыш (кнопкалар)

«6В01405 – Көркем еңбек, графика және жобалау» ББ талапкерлеріне арналған кеңес беру кестесі

Күні

Уақыты

Пән атауы

Оқытушылардың аты-жөні

04.07.2022 ж., дүйсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Визуалды өнер (Сурет)

Визуалды өнер (Живопись)

Аға оқытушы, магистр Жамитова А.А.

Аға оқытушы Байсеңгіров М.Қ.

05.07.2022 ж., сейсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Визуалды өнер (Сурет)

Визуалды өнер (Живопись)

Аға оқытушы Байсеңгіров М.Қ.

Аға оқытушы Жарасқанов Қ.С.

06.07.2022 ж., сәрсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Визуалды өнер (Сурет)

Визуалды өнер (Живопись)

Аға оқытушы, магистр Жамитова А.А.

Аға оқытушы Жарасқанов Қ.С.

07.07.2022 ж., бейсенбі

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Визуалды өнер (Сурет)

Визуалды өнер (Живопись)

Аға оқытушы, магистр Жамитова А.А.

Аға оқытушы Байсеңгіров М.Қ.

01.07.2022 ж., жұма

9.00 – 12.00

14.00 – 17.00

Визуалды өнер (Сурет)

Визуалды өнер (Живопись)

Аға оқытушы, магистр Жамитова А.А.

Аға оқытушы Байсеңгіров М.Қ.

08.07.2022 ж., сенбі

9.00 – 12.00

Визуалды өнер (Сурет)

Визуалды өнер (Живопись)

Аға оқытушы Жарасқанов Қ.С.

Кеңес беру 4 қабат №409, 422 оқу шеберханасында өтеді


6В01403 «Дене шынықтыру және спорт» ББ бойынша
2022 қабылдау жылына арналған
шығармашылық емтихан бағдарламасы

Жалпы ережелер

Бағдарлама кәсіптік жоғары оку бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес әзірленген арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу ережелерінің негізінде жасалады.
Арнайы немесе шығармашылық емтихандар арнайы немесе шығармашылық дайындыкты қажет ететін жоғары оқу орындарына түсетін тұлғалар үшін жүргізіледі.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары негізінде әзірленген.
Шығармашылық емтихандардың мақсаты - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша окуға қабілетті физикалық дайындалған абитуриенттерді анықтау және іріктеу.
Дене шынықтыру және спорт мамандығына тапсырушы талапкер екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Бірінші шығармашылық емтихан: «Мамандық бойынша», талапкер техника-тактикалық дайындығын анықтайтын.
Екінші шығармашылық емтихан: «Жалпы дене күшінің дайындығы», Президенттік сынақты басшылыққа ала отырып, талапкер дене күш дайындығын бақылау.
Егер талапкердің екі шығармашылық емтиханнан жинаған ұпайлары тең болған жағдайда, «мамандық» бойынша жинаған емтихан ұпайының үлесі жоғары болады.

Бағалау критерийлері

«Өте жақсы» - 35-45 балл - жеңіл атлетикадан негізгі сынақ жаттығуларын нормативтерін бағалау шарттарына сәйкес койылған талаптарды берілген тапсырмаға сәйкес дұрыс, қатесіз, epкін, сенімді орындағанда бағаланады.
«Жақсы» - 20-34 балл - абитуриент жаттығулар жасаған кезде жоғарыда көрсетілген талаптарды орындай отырып, екі қатеден артық маңызды емес кателіктер жасағанда қойылады.
«Қанағаттанарлық» - 5-19 балл — егерде козғалыс ic-әрекеті негізінде дұрыс орындалса, бірақ бip өрескел қате немесе бірнеше маңызды емес кателіктер болған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» - 0-4 балл — егерде ic-әрекет немесе оның элементтері дұрыс орындалмаған жағдайда, екі өрескел қатеден және бірнеше елеусіз қателіктер жіберілгенде бағаланады.

Волейбол ойыны бойынша емтихан қабылдау тапсырмалары
1. Допты ойынға қосу: 1,5,6 аймаққа таңдай отырып 8 рет допты ойынға қосу (тапсырма бойынша):

Түсу реті

Ұпайы

8

10

7

9

6

8

5

7

4

6

3

5

2

4

1

3

Ескерту: 1-5 аймаққа 4 рет, 6- аймаққа 4 рет допты беру керек. Осы аталған аймақтарға допты дәл түсіру қажет

2. Допты жоғарыдан шеңбер ішінде екі қолмен қабылдау 2-2,5 метр деңгейде:                               

Жасау реті

Ұпайы

8

15

7

13

6

11

5

9

4

7

3

5

2

4

1

3

Ескерту: Допты жоғарыдан қабылдау кезінде шеңберден шығып кетпеу керек. Допты жоғарыға тіке лақтыра қабылдау қажет.

Баскетбол ойыны бойынша емтихан қабылдау тапсырмалары

Айып добын түсіру

Ерлер

Қыздар

Түсіру саны

Ұпайы

Түсіру саны

Ұпайы

7

20

7

20

6

17

6

17

5

15

5

15

4

14

4

14

3

13

3

13

2

12

2

12

1

11

1

11

Ескерту: допты лақтыру кезінде айып добы алаңындағы белгіленген сызықты басып және секіріп доп лақтыруға болмайды

Екінші шығармашылық емтихан: «Жалпы дене күшінің дайындығы», талапкердің дене күш дайындығын бақылау

Ерлер

1. Орнынан ұзындыққа секіру

Секіру ұзындығы

Ұпайы

265 см.

10

260 см.

9

255 см.

8

250 см.

7

245 см.

5

Ескерту: белгіленген секіру сызығын басып кетпеуі керек.

 2.Аспаға тартылу

Орындау саны

Ұпайы

18 рет

15

16 рет

13

15 рет

11

14 рет

8

12 рет

5

Ескерту: Үстінен ұстап ілініп, тік тартылып қолды жазып бүгу. Қимылдарды серпіліп орындауға тыйым салынады.

3. Арыста (брусьяда) тіреніп, бұрыш ұстау (90 градустан төмен болмауы тиіс)

Уақыты

Сынақ ұпайы

9 сек.

10

7-8 сек

8

5-6 сек.

6

4-5 сек.

3

1-3 сек.

2

Ескерту: дене міндетті түрде тік қалыпта болу керек, ал қолдар арысқа тіреліп, сәл артқа қарай түзетілген күйде денеге параллель орналасқан. Дененің тік, аяқтарды бірге алға 90 градус көтеріп ұстап тұрады.

 4. Үстінен ұстап  ілініп, тік аяқты темір аспада көтеру.

Орындау саны

Сынақ ұпайы

10

10

8-9

8

6-7

6

4-5

4

1-3

2

Ескерту: Үстінен ұстап ілінуден, тік аяқты темір аспаға тигізіп түсіру.
Әдістемелік нұсқау: Іліну жағдайы тіркеледі. Аяқтарды аздап бүгуге және ашуға рұқсат етіледі.  Қимылдарды сермеліп орындауға тыйым салынады.

Қыздар

1.Темір аспада үстінен ұстап  ілініп, аяқты тізеден бүгіп кеудеге көтеріп түсіру

Орындау саны

Сынақ ұпайы

10

20

8-9

15

6-7

12

4-5

9

1-3

3

Ескерту: Орындау техникасы: Темір аспада үстінен ұстап ілінуден, тізеден бүгілген 2-і аяқты (90 0) кеудеге көтеріп түсіру.
Әдістемелік нұсқау: Іліну жағдайы тіркеледі. Аяқтарды ашуға рұқсат етіледі. 
Қимылдарды сермеліп орындауға тыйым салынады.

 

2.Орнынан ұзындыққа секіру

Секіру ұзындығы

Ұпайы

210 см.

10

205 см.

9

200 см.

8

195 см.

7

190 см.

5

Ескерту: белгіленген секіру сызығын басып кетпеуі керек.

Арқада жатып, денені көтеру: аяқ тізеден бүгілген қол кеудеде, қайшыланған (1 мин)

Орындау саны

Ұпайы

44 рет

15

42 рет

13

40 рет

11

38 рет

8

36 рет

5

Ескерту: Бастапқы қалып: Арқада жатып, аяқтар бүгіліп, қол кеудеде қайщылап ұстап, серіктес аяғын басып отырғаннан кейін денені көтеру басталады.
Талапкер 1 минут ішінде көтерілген кезде шынтағын тізесіне тигізіп кейін бастапқы қалыпқа оралады. 1 минут ішінде дұрыс жасаған әрекеттері есептелінеді.

6В01403 «Дене шынықтыру және спорт» ББ бойынша
шығармашылық емтихан ережесі

Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасына тапсырушы арнайы білімі бар талапкер бір шығармашылық емтихан тапсырады.
Бірінші шығармашылық емтихан: «Мамандық бойынша», талапкер техника-тактикалық дайындығын анықтайтын.

 Волейбол ойыны бойынша емтихан қабылдау тапсырмалары
1. Допты ойынға қосу: 1,5,6 аймаққа таңдай отырып 8 рет допты ойынға қосу (тапсырма бойынша):

Түсу реті

Ұпайы

8

5

7

4

6

3

5

2

4

1

Ескерту: 1-5 аймаққа 3 рет, 6- аймаққа 2 рет допты беру керек. Осы аталған аймақтарға допты дәл түсіру қажет

2. Допты жоғарыдан шеңбер ішінде екі қолмен қабылдау 2-2,5 метр деңгейде:

Жасау реті

Ұпайы

8

5

7

4

6

3

5

2

4

1

Ескерту: Допты жоғарыдан қабылдау кезінде шеңберден шығып кетпеу керек. Допты жоғарыға тіке лақтыра қабылдау қажет.

Баскетбол ойыны бойынша емтихан қабылдау тапсырмалары

Айып добын түсіру

Ерлер

Қыздар

Түсіру саны

Ұпайы

Түсіру саны

Ұпайы

7

10

7

10

6

9

6

9

5

8

5

8

4

7

4

7

3

6

3

6

2

5

2

5

1

4

1

4

Ескерту: допты лақтыру кезінде айып добы алаңындағы белгіленген сызықты басып және секіріп доп лақтыруға болмайды