2023 жылдың 3 ақпанында Altynsarin institute акті залында студенттер, оқытушылар және қызметкерлер «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы бойынша филиалының басшысы, «Аманат» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ҚБ мүшесі Әсет Байлинмен кездесті.

2023 жылдың 25-26 қаңтарында Astana IT University қабырғасында министр Саясат Нұрбектің қатысуымен Қазақстандағы академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі бастама тұжырымдамасын талқылау стратегиялық сессия өтті.

Ата-қазақ «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйелдер және жастар арасындағы Астана қаласының ашық чемпионатында Altynsarin institute-нің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3-ші курс студенті, сондай-ақ қаламыздың «Намыс» жекпе-жек клубының мүшесі Сабыржан Мейірбек 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

18-20 қаңтар аралығында "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Арқалық қаласы мектептерінің оқушылары үшін институт мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

«Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері педагогика және филология факультетінің аға оқытушысы Нұрсали Қ.С. жетекшілігімен «Научная статья: структура и оформление» тақырыбында ғылыми семинарға қатысты.

17 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында «Педагогика ғылымдары» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтті.

2023 жылдың 18-25 қаңтары аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің анонимді әлеуметтік сауалнамасы аясында Тәрбие жұмысы басқармасы институттың 1-4 курс студенттері мен оқытушылары арасында анонимді әлеуметтік сауалнаманы жүргізуде.

Altynsarin institute-де дәстүрлі «Денсаулық» спартакиада жарысы өз мәресіне жетті.

Altynsarin institute-де 13 қаңтарда профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында «Денсаулық-2023» спартакиадасы басталды. Шараны басқарма төрағасы – ректор Ержан Әмірбекұлы ашып, барлық қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы, 110300, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс-офицер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.