

Ұлттық рухани жаңғыру- еліміздің болашағы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң-ғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Басты мақсат мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс- қимылының негізінде барша руханиятты жаңғырту болып табылады.
Білім алушы студенттер қауымы Елбасының ел тағдырына қатысты ой-толғауын үлкен ықыласпен қабылдады. Мақала конституциялық реформа мен Үшінші жаңғырудың экономикалық қайта құрылуын толықтыра түсіп, шын мәнінде, Қазақстанның табысты дамуының жаңа идеологиялық тұғыр-намасына айналып отыр.
«Білімнің салтанат құруы» атты төртінші бағытқа тоқталсақ. Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік алған жылдардан бері білім мен ғылымды дамытуда көптеген істер атқарылды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң-дайалды университеттерінде оқытып, дайын¬дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл¬дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар¬лама-сынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей¬дегі бірқатар университеттер ашылды, зият¬керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», - делінген Елбасы мақаласында. Жоғарғы оқу орындары ғылым, білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу орталығы ретінде қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуы тиіс.
Елбасының ұсынып отырған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы да елдің білім саласын жаңа сатыға көтеріп, жаңа бәсекеге қабілетті сапаға қол жеткізуге зор серпін бермек. Білімі терең, руханияты мықты ұлт қана әлемдік жаһандану үрдісінен қалыс қалмайды. Ал, ол үшін ана тіліміздегі оқулықтардың санымен қоса сапасына да ерекше көңіл бөлуіміз керек.
«Ұлттық тұтастық, мәдениет, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, бабалары-мыздан қалған рухани мұраларды сақтау, латын қапіне көшу, білім берудің маңызын арттыру, мақсатқа жетудегі прагматизм, салауатты өмір салты сынды қоғам санасын жаңғыртудың маңызды құрамдас бөліктері бізге етене таныс әрі түсінікті. Ұлт көшбасшысымен бірге елімізге және жас ұрпақтың келешегіне деген қамқорлықты бөлісе отырып, біз бар күш-жігерімізді, біліміміз бен тәжірибемізді алға қойған мақсатқа жету үшін аянбаймыз.
Бошыбаев Т.Б.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институтының аға оқытушысы