Рухани жаңғыру – елде атқарылып жатқан реформалар жалғасы

Рухани жаңғыру – елде атқарылып жатқан реформалар жалғасы

Қазақстан болашақтың көшіне ілесіп, өзінің жарқын жолына түскеніне біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі көптеген халықаралық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болды. Бұл – дүниежүзі елдерінің алдындағы Қазақстанның абырой-атағы мен мәртебесінің жоғары болғанының дәлелі. Биылғы Астана мен Алматы қалаларында өткен халықаралық іс-шараның бірі  – «Бүкіләлемдік қысқы Универсиада - 2017»  және Астана қаласында өтіп отырған «ЭКСПО-2017» Бүкіләлемдік көрмесі мемлекет абыройы мен жеңісі. 

Мемлекетіміздің екпіндеп дамуы, әлеуеттік - экономикалық жағдайының шарықтауы, бейбітшілікті ту қылып ұстаған Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей еңбегі екенін толықтай айта аламыз. 

Уақыт өткен сайын заман өзгереді, өмір жаңарады, жаңа көзқарастар, идеялар пайда болады. Осы өмір ағымынан қалмауымыз керек. Себебі, нарықтық экономика жүйесі кезінде көп нәрседен хабарсыз болу – шетте қалудың айқын айғағы. Міне, сондықтан Елбасымыз 2017 жылы 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» газетінде өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Президенттің рухани жаңғыру мақаласының шығуынан кейін халықтың арасында оң ой-пікір, жаңа көзқарастар тудырғаны белгілі. Жаңа өмірге деген құлшыныстар пайда бола бастады.

Халық қуана қабылдады. 

Бәсекелік қабілет - қазіргі нарықтық-экономикалық заманда негізгі факторлардың бірі болып саналады. Жеке азамат ғана емес, бүкіл халық¬тың бәсекелік қабілетін арттырса ғана мол та¬быс¬қа жетуге мүмкіндік алатынын атап өтті. Әрбір азаматтың қадамының нық басуын, болашаққа деген сенім¬ін айқындап берді.

Рухани жаңғыру - тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіліп жатқан елдегі реформалардың жалғасы. Қазіргі өмір сүріп жатқан қоғамға қажетті негізгі дүние. Технологиялық жаңарумен шектеліп қоймай, адамның сана-сезімін қатар жетілдіруге мемлекет баса мән бермек. 

«Алдағы онжылдықтың ұраны – прагматизм» және өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдалану деген сөзінде үлкен мағына бар. Бұл дегеніміз – уақытты үнемді пайдалану, болашақты бағдарлай білуге, байсалдылық, жылыжүзділік сияқты қанға сіңген қасиеттерді жетілдіру. Рухани жаңғыру үшін бұл ауадай қажет болады.

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін атап өтті. Мұнда нағыз патриоттық тәрбиенің рухы сезілуде және рухани жаңғыру үшін алдағы өмірде гуманитарлық ғылымдарды жандандыру көзделуде. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен дініміз, мәдениетіміз  сонымен қатар ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

Ұлттық сананы жаңғыртуда қазақстандық жеке даму үлгісін қалыптастыруымыз керек екендігін айтып отыр Елбасымыз.

Себебі бұл – өмір заңы, даму заңдылығы. Адамзаттың басты, негізгі құндылықтары білімнен басталатын болады. Болашақ жастары¬мызды осы бағытта тәрбиелеп, әлемдік білім ошақтарынан тереңде¬тілген білім алып халқымыздың игілігіне жұмыс істеуге баулуымыз керек.

Білім саласы – бүгінгі қоғамның басты қажеттілігі. Білімі мол азамат ғана қазіргі бәсекеге төтеп береді. Жас ұрпақты әуелі білімге құштар болуын қатамасыз ету керек. Жемісті болудың басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Елбасы білім беру саласына үлкен үміт артып отыр. Қазіргі таңда, үштілділік мәселесі басты назарда. Ағылшын тілі – Бүкіләлемдік тіл болғаннан кейін ол қажеттілік. Қазақ тіліне басымдық беруге тиіспіз. Біз болашақта Білім мен ғылым арқылы ғана әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосыла аламыз. Іс жүзінде біз рухани жаңғыру бағытын ғана емес, бұқаралық санадағы түбегейлі өзгерісті байқап отырмыз. Бұл процесс әрбір жеке тұлғаға да, тұтас қоғамға да бірдей әсер етеді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған әрбір ойдың астарында терең мағына, парасатты пікір жатыр. 

Білім алуды культке айналдыру, басымдылыққа айналдыру деген нәрсе біздің қоғам үшін өте қажет. Дәл қазір біз әлемдегі ең үздік үлгілерді ескере отырып, мейлінше орта, жоғары деңгейде білім сапасын артыру керекпіз. 

          Рухани құндылықтар мен білім саласы кемел, күшті болғаны жеке азаматтарымыз үшін де, тәуелсіз еліміз үшін де өте маңызды. Ақыл-ойы толысқан, ғаламдық ғылымды игерген азаматтар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны белгілі. Осындай құндылықтарды қалай игеретініміз және ол арқылы қайда жететініміз жан-жақты талданған.

Елбасының бағдарламалық мақаласын толық қолдай отырып, мен рухани жаңғырудың дамуы үшін, еліміздің экономикасының өсуі үшін, адам құндылықтарының кемелденуі мен әр азамат кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы, сонымен бірге ұлттық ой-саналықты ескере отырып өздігінен кемелденіп дамуы ең маңызды фактор деп сенемін.

Қ.Б.Ершатов

« Дене мәдениеті және спорт» кафедрасының аға оқытушы