Мәдени мұра

Мәдени мұра

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.
Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мемлекет пен қоғам арасындағы жемісті келіссөз бен ынтымақтастықты шын мәнінде қамтамасыз етуші - 2004-2008 жж. «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы», ал 2009 жылдан бастап «Ұлттық стратегиялық жоба» деп аталатын мәдени-рухани саладағы мемлекет пен қоғам арасындағы диалог көпіріне айналған қазақстандық брендті есептеуге болады. Бұл Ұлттық стратегиялық жоба өзінің көлемі, мазмұндылығы жөнінен тек қазақстандық қана емес, жалпы бүкіл адамзаттық мәдениет пен рухани дамуға қосқан үлесімен айрықша. Оны жүзеге асыруға отандық және шетелдік ғылымның, білім мен мәдениеттің өкілдері жұмылдырылған.Қазақстандағы «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жоба нәтижелерінің қайталанбас тарихи маңызы бар. Этникалық өзіндік сипат пен ерекшелікті жойып жіберу қаупімен және біртұтастану үрдістерімен сипатталатын ХХІ ғасырда олар ұлттық мәдениет пен руханилылықты сақтап қалуға тиіс. Сонымен бірге қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарды сақтап, көбейту жолындағы қамқорлығы ғаламдану жағдайына бейімделу моделінің өзіндік үлгісі болып табылады.

МФ кафедрасының меңгерушісі С.Б.Жумабаева