Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы

Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы

«Рухани дамымай экономикалық даму болмайды» – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясында сөйлеген сөзінің негізі түйіні осы болды. Елбасы сөзінің дені экономикалық және рухани жаңғырту идеясына арналды.
Талай жоғары өркениетті мемлекеттер революциялық шайқалыстардың кесірінен мешеу елге айналып, эволюциялық жолды таңдаған елдердің көсегесі көгергеніне тарих куә.
Басқаны қойып, өзіміздің соңғы 25 жыл тарихымызға көз салайық. Экономикалық әлеуеті бізден әлдеқайда жоғары болған кейбір мемлекеттер толассыз төңкерістердің нәтижесінде өнеркәсібінен айырылып, халықтың жағдайы нашарлап, ыдыраудың алдында тұр. Қазақстан эволюциялық жолмен жүріп, жағдайын біртіндеп түзеп алды. Ендеше, бұл таңдаумыз өзгермек емес. Президентіміз айтқандай, Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Сондықтан, ішкі процестерді де, сыртқы ықпалдарды да жіті қадағалаймыз.
Революция тек қару алып, «Қысқы сарайды» шабуылдау емес: саяси, экономикалық, әкімшілік басқару, мәдениет саласында күрт өзгерістерге, экстремистік пиғылдарға жол бермеуіміз керек.
«Жүйелі жаңғыру біздің биылғы жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Яғни экономиканы қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту, экономиканы, инновациялар мен ID-технологияларды, роботтандыруды қарқынды дамыту деген сөз. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Конституциялық реформа өткізілді, оны білесіздер. Өкілеттіктер қайта бөлінді, парламент пен үкіметтің рөлі артты, бұл мемлекеттік билікті әлсірету үшін жасалып отырған жоқ, тұрақтандыру үшін жасалды. Біз мемлекеттік дамудың жалпы кескінін жүйелі іскеа сырып жатырмыз деп айта аламын. Экономилық жаңғыру, саяси жаңғыру және үшіншісі – қоғамдық сананың жаңғыруы», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан азаматтарының санасын қайта құру, оның ойынша, ең қиын міндет. Президент осыған қатысты өз пайымымен бөлісті. Бірінші кезектебәсекелестікті арттыру қажет екенін баса айтты.
«Мемлекет бәсекеге қабілетті болуға тиіс, экономика, әр адам бәсекеге қабілетті болуы керек. 70 жылға созылған кеңес заманында бізге өзелімізден тысқары шығуға мүмкіндік бермеді. Ал енді біздің балаларымыз, өзіміз де әлемаралап, жан-жаққа шығып жүрміз. Ал шетелге келгенде сен өз тәртібіңді орната алмайсың ғой, сол елдің заңы бойынша өмір сүресің. Сол үшін әлемде не бар екенін білуүшін бәсекеге қабілетті болу керек», – деді ол.
Екіншіден, көптілді болмай дүниетанымды кеңейту мүмкін емес деп санайды президент. Қазақстан азаматтары барлық әлем сөйлейтін ағылшын тілін меңгеруі керек.
Болашақ тұлғаның келбетін құрайтын үшінші қасиет – сана-сезімнің ашықтығы. Қазақстан халқы әлемнің түрлі мәдениеттерін қабылдауы керек. Алайда дамуды тежейтін құбылыстардан бойын аулақ ұстауы қажет.
«Әлемнің түрлі аймақтарының дамуына назар аударуымыз кездейсоқ емес. Қазіргі ланкестік жағдай ислам әлемін артқа, орта ғасырға қарай сүйреуде. Сондықтан мен жастарға ескертемін – кейін шегінбеңдер. Қараорамал жамылу жалпы қазаққа және бәрімізге тән емес. Осындай бөтен жұрттың өзіне тән ерекшелік терін өзімізге әкелсек, алға қалай жылжимыз? Сондықтан бірегейлік дегеніміз – барлығымыз бір мақсатты ұстанып, сол мақсатқа жетуде жұмылып еңбек етуіміз», – деп баса айтты Елбасы.
Одан әрі мемлекет басшысы болашақ қазақстандық білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан болуы керек екенін айтты. Президент эволюциялық дамуға шақырды. «Бұлда революция, бірақ эволюциялық, адам өлтіру, ұлтты бөлу, азаматтық соғыс жоқ революция. Міне, біз өзімізді де, балаларымызды да осыған тәрбиелеуіміз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент бүгінгі күні біреу әкеліп береді деп жайбырақат отыратын уақыт емес екендігін, бұрынғы қалыптасқан сана бойынша «біреуге масыл болмай», адам «өз өмірін өз қолына алукеректігін» айтты.
«Бұрынтудың, тіркелдің, өсіп, болса балабақшаға бардың, одан кейін октябряттар қатарына кіріп, одан пионер, комсомол боласың, мектеп бітіріп жоғары оқу орынана түсесің, түспесең кәсіби білім аласың, жұмыс дайын. Мемлекет берген пәтерің бар, ал колхоздағыларға тіпті паспортта бермейтін. Барлық өмірің жасалып қойған. Ештеңе істеп керек емес, – деп елбасы бұрынғы кезді есіне алды. – Ал қазір мұның бірі жоқ. Өмір сүргің келсе, жан-жақты ізденіп, үйрену керек. Жұртты сынағанша, бірінші өзіңді өзгерт. Үкімет өйтпеді, әкім бүйтпеді дегенше.. Өзіңнен мен не істедім деп сұра. Мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Тіпті ауылда жұмыс болмаса, қалаға кел, жұмыс береміз деп те отыр. Қазір алғашқы жұмысшы мамандығын тегін береміз, содан кейін жұмыспен қамтимыз. Ал ауылда тұрғың келсе, шағын несие ал да, бау-бақша отырғыз, мал бақ, оны сат, сөйтіп өмірсүр. Басқа не керек? Яғни барлығы өзімізге байланысты. Тегін жатқан дүние жоқ, біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Тегін нәрсенің қайда болатынын өздеріңіз жақсы білетін шығарсыздар».
Президент бірінші өзіңді өзгерт дегенді бәріне айтты, оның ішінде бірінші бизнсемендерге тоқталып кетті, ал елімізде олардың қатары біршама. «Қазіргі таңда елімізде жағдайы жақсы адамдар көп. Рас қой? Бұл жақсы нәрсе, өйткені біз осындай қоғам құрудамыз. Дұрыс, байысын, бірақ сонымен бірге елімізд ебайып, олардың арқасында адамдаржұмыспен қамтылуы керек. Өздерінің шыққан жеріне барып қайырымдылық жасасын. Мектеп, спорт кешенін тұрғызып, жолсалсын, монша немесе наубайхана салсын», – деді президент. Содан кейін бизнес өкілдеріне: «Мемлекет сендерге осындай ақша жасауға мүмкіндік берді, осы ақшаны халықпен бөлісіңдер. Үкіметке әкімдіктер мен бірлесіп, ассамблеяға қайырымдылықты дамыту және оның ашықтығы жөніндегі ұсынысты жасауды тапсырамын» - деді елбасы.

Нурханов М.А.
ХБГ кафедрасының менгерушісі