Цифрлы Қазақстан

Цифрлы Қазақстан

Мемлекет басшысының «Қазақ¬стан¬ның Үшінші жаңғыруы: жаһан¬дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ¬стан халқына Жолдауы біз¬дерге, ғылым адамдарына нағыз прବг-матикалық, нақты әрі түйінді, елі¬міздің болашағы үшін тағдыр¬шешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, эконо¬микамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген техн¬ологиялық жаңғыртылу басым¬ды¬ғына көшуімізді айқындап берді.
Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас¬та¬пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды¬мен, мек¬тептерді жаппай компью¬тер¬лендіру қолға алынды. Ком-пью¬терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ¬рал ретін¬¬де па鬬¬¬дала¬ныла бас¬та¬ды, ақ-паратпен орын¬да¬лବтын кез к¬елген жұмыс компьютер көме¬гі¬¬мен жүзеге асырылатын болды. Ақ¬пବрат¬¬ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.
Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры¬ла¬тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс¬піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан¬кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл¬ді денсаулық сақтау, білім беру ісін¬де қол¬данылатын және басқа да перспек¬тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді.
Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғы¬¬сы келмеген әрбір азамат, маман¬дар, ғалым¬дар мен студенттер ұялы байла¬ныс, теле-коммуникация, сандық ТВ, кең¬жолақ¬ты интернет, ақпараттық техноло¬гиялар, Е-үкі¬мет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеу¬меттік медиа саласындағы өзекті тақы¬¬рыптардан тыс қалуына болмайды.

Алматова А.М.
информатика кафедрасының менгерушісі