«Жастар біздің болашағымыз»

«Жастар біздің болашағымыз»

Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100-«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4 курс ҚБ-41, БҚТ-41 топтарында «Жастар біздің болашағымыз» атты семинар болып өтті. Семинарда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауында айтылған өзекті мәселелер бойынша студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Мәселен ҚБ-41 тобы студенті Бекбаева Әйгерім: Аталмыш мақаланы саяси идеологиялық құжат деп айтуға болады, себебі, бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, яғни мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылған. Мақалада заманға сәйкес жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер болып қойылып отыр, Елбасы айтқандай, рухани мәселелер бірінші орында тұруы тиіс, бұл мақалада мол тағылым бар.
ҚБ-41 тобы студенті Әпен Гүлнұр: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып таныстым. Бұл мақала Қазақстан халқы үшін аса маңызды болмақ, себебі еліміз жаңа тарихи кезеңге өтуде, яғни, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу, мұндағы айтылған басты мәселе бәсекеге қабілеттілік, әрбір қазақстандық, болашақ жастар XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы тиіс деген, мәселен, компьютерлік сауаттылық, шет тілін меңгеру, мәдени ашықтық, прагматизм – нақты мақсатқа жету, білім алу, салауатты өмір сүру, кәсіби білімін жетілдіру басты назарда болуы тиіс екендігін атап көрсеткен.
БҚТ-41 тобының студенті Арсалан Айдана: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттіліктің белгісі ұстамдылық, қанағатшылық, қарапайымдылық, үнемшілдіктің болуы, нақты мақсатқа жетуде білім алуға салауатты өмір салтын ұстана отырып, кәсіби тұрғыдан жетіле түсуге барынша басымдық берген.
Сонымен қатар оқытушы ұстаздар қауымы да өз пікірлерін білдіріп, студенттермен ой бөлісті. Семинар тартымды өтті.

Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі: Рахметова Б.А.