«Жастары жалындаған елдің болашағы жарқын!»

2017 жылдың сәуір айында Қ.Р Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада айтылатын дүние – ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу деген дүние өте маңызды. Өйткені тамырынан үзілген бәйтерек ол жапырақ жаймайтыны сияқты негізгі дәстүріне тамырына сүйенбеген халық ұзаққа бармайды.

Түбегейлі өзгерген заман дидарына сай жаһан көшінен қалмаудың қамы – рухани байлық. Стратегиялық құжатта қазақ елі қалай дамиды, қоғам қалай ілгерілейді деген көп сауалға жауап бар. «Мақаланың әр сөйлемінің астында үлкен жобалар жатыр», Еліміздің бәсекелесе отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтуіміз керек. Оны күшейту керек. Өйткені бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланысты емес. Біз құрған қазақ мемлекетіның, яғни біздің мыңдаған жылғы тарихымыздағы құндылықтардың барлығы біздің бойымызда болуы керек.

Муханбетжанова А.А.

мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқытушысы, магистр