«Жастардың төл міндеті – рухани жаңғыру»

   Жастардың төл міндеті – өскелең ұрпақтың Көшбасшымыздың «Болашаққа бағ¬дар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Сөз жоқ, «Ұлттың рухани коды» дейтін академиялық ұғым кешелі-бүгін ғана емес, Мемлекет басшысының ой-санасында әлденеше рет елекке түскен, таразыға тартылған, сан жылдардан бері сарапталып, пісіп-жетіліп, өзінің сын сағатын күтіп келген дүние екені даусыз. Осы кезеңдерге дейін еліміздегі жүзеге асырылған ірі-ірі жобалар мен стратегиялық бағдарламалардың дені саяси-әлеу¬меттік, экономикалық ендіктерге құрылған болатын. Бәрі де рет-ретімен және өте сәтті жүзеге асырылып келді. «Ең бірінші экономика, содан кейін саясат» деген басқару жүйесін Елбасы тегін айтқан жоқ. 

   XX ғасырда біз тағдырдың талқысымен дәйекті тарихи дамудың жалпыға бірдей сүрлеуінен шығып қалдық. Қазіргі таңда біздің елімізге заманымыздың бірегей мемлекет қайраткері, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өркендеп жатқан тәуелсіз мемлекетімізді жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің керемет жағдайы туып отыр. Біз мұны «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндіктері деп білеміз.
   Біз назар аударып отырған екінші жоба «Қазақстанның рухани жәдігерлері». Мәдениет саласы материалдық және рухани құндылықтардан тұратыны өздеріңізге мәлім. Өкінішке қарай, бұған дейін елімізде киелі құндылықтарға деген тұжырымды көзқарас болған жоқ. Сондықтан, ел Президентінің бастамасы бойынша қолға алынған жоба ұлттық бірегейліктің маңызды рухани тірегі болып табылады.
  Бүгінгі жастар - ел іргетасының берік, тәуелсіздік тұғырының биіктеуіне өзіндік үлес қосуы шарт. Ол үшін өскелең ұрпақ білімнің кәусар бұлағынан сусындап, ғылымға терең үңілгені абзал. Әлемдегі экономикасы озық дамыған алпауыт отыз елдің қатарына ену үшін ел алдында үлкен міндеттер тұр. Елбасы мақаласы ең алдымен жастарға серпін берді. Рухани жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс ел дамуының басты қағидасына айналуы тиіс. Ол үшін әр қазақстандық заман ағымына сай өзгере білуі керек.

 

Информатика кафедрасының оқытушысы,магистр СундетбаеваА.Ж.