Ел ертеңі-білімді жастар!

Ел ертеңі-білімді жастар!

«Білімді болу деген сөз-белгісіз нәрсені ашу, қабілетіне ие болу деген сөз»,- деп әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл Фараби айтқанындай біздің білім беру қызметкерлерінің негізгі мақсаты дайын білімді меңгерген жай оқушыларды оқытып қоймай, өмірге бейім, өз айналасында белгісіз қалған әр жағдайдан жаңалық ашуға жаны құмар жаңашыл жан жақты, дамыған тұлғаларды қалыптастыру. Егеменді еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ қолында.
Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. «Терең білім-тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой-азаматтығымыздың алдаспаны»,- деп Елбасымыз атап өткеніндей, ұйымшылдығы ұйытқыдай ұйыған ұжым мүшелеріміздің базасында жас ұрпақтың бойына рухани азық боларлық, тәлім-тәрбие берерлік түрлі іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отырады.
Білім саласында болып жатқан өзгерістер өзектілігімен ұстаздар қауымен баурап алып, көңілімізге сенім ұялатты. Заман талабына сай жаңа форматтағы мұғалімдер мен басшыларға арналған бағдарлама біздің жалпы көзқарасымыз бен ой түсінігімізге серпіліс әкелді. Бағдарламаның мәтінін түсініп, тереңіне бойлай бастадық. Бесекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білімді тұлға тәрбиелеу үшін, өзгеріс енгізу үшін, жақсы нәтижеге жету үшін заманауи бағдарламаны игеріп, тәжірибе жүзінде қолдана отырып, білімді дамыту өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өзгерістер мен жаңалықтар толқыны жанымызға жағып, болашақтағы заманауи дамыған мектепті көз алдымызға елестетіп, сеніміміз күшейді. Міндеттей отырып оқыту емес, сыйластық пен жайлылыққа негізделген, өз-өзіңе деген сеніміңді ныңайтуға бағытталған тапсырмалар оқуға деген қызығушылығымызды арттырады. Жаңа оқыту технологиялары бала бойында жас кезінен көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, оларды кез келген ортаға тез бейімделуге, өз бетінше шешім қабылдауға, әртүрлі жағдаяттардан лайықты шыға білуге, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға үйретуге бағытталғанын ұғынған өзгеріс тобымен дамыту жұмыстарын жасап және жақсы нәтижесін көрсететініне сенімдіміз.
Елбасымызыдың Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» стратегиясын қамтыған Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашыл жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей меңгеретін болады. Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі қарқынды дамыған, бүкіл әлемге танымал елінің патриоты болады»,-дегені баршамызға мәлім. Сондықтан да, менің пайымымша, білім саласында ғана емес, барлық бағытта да бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі- жастардың ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту, ұлттық сезімдерін ояту, патриоттық рухты қалыптастыру.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болып, қарышты дамуына сапалы білім, саналы тәлімі бар отаншыл жастар өлшеусіз үлес қосады. Ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңеуту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуы үшін қажет. Жарқын болашақ кепілі-білімді ұрпақ. Тиісінше, жастардың жан-жақты әрі жүйелі білім алуына барлық жағдай жасалып отыр, Бұл-Елбасының қамқорлығы.

Информатика кафедрасның
аға оқытушысы, магистр Байзакова С.С.