Рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды мәңгілік етудің ізгі жолы

     «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері қазіргі заманның нақты талабын айқындап тұрғандай. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған әрбір алға бастар қадамның маңызы, бағыты, міндеттері, талаптары жете түсіндіріліп, алға бастар стратегияның заманауи өмірдегі мүмкіншіліктері айтылған.

    Елбасымыз әрбір азаматтың өз болашағы үшін ғана емес, Тәуелсіз Мемлекетіміздің жандана түсуіне, дамыған елдер қатарына шығу үшін бір адамдай ат салысуға шақырады. Шынымен, халқымыздың бүгінгі рухани санасын жаңғырту арқылы, ұлттық бірегейлікті сақтаумен, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртумен, білімімізді ұштастырумен жаналана аламыз. Дегенмен, қазіргі заман ағымы бір орында емес, сондықтан осының бәрін бүгінгі өмірге лайық етіп жасағанымыз жөн. Яғни, менталитетіміздегі қажет емес, аяқты артқа тартар қасиеттерден арыла отырып, ең құнды, мән-мағынасы ерекше, тәрбиесі жоғары деген құндылықтарды сақтап, санамызды жаңғырта алуымыз керек.
  Қазір Біз, жастар Елбасымыздың осындай қадамдарын білектісыбана қолдай отырып, өз білімдерін жетілдіруде. Олар білім беру жүйесінің батыстық жүйеге ауысуына және «Үш тұғырлы мемлекет» саясатын ұстануды, латын әліпбиіне ауысуды толыққанды қолдайды. Себебі, бұл әрбір жас тұлғаның өзін бәсекелестікке қабілетті, саналы, білімді азамат болуына жағдай туғызады. Елімізде болып жатқан түрлі алға бастар өзгерістер тек ұлттық құндылығымызды сақтаумен сәйкестендіру арқылы жүзеге асатыны сөзсіз. Себебі, егер біз әлемге әйгілі ірі мемлекеттердің қатарына қосылғымыз келсе, өзімізді шынайы ұлттық және заманауи тұрғыда таныта, мойындата білуіміз керек.
  Кейбір жастардың шетелдік қылықтарға тез үйреніп, еліктеушілікке жол беретіні жасырын емес. Осы орайда рухани қайта жаңғыру көп нәрсені өзгертеді деген ойдамын. Мемлекет боп құрылған кезден бері саяси, экономикалық жағынан өзгеріп, түрлі реформаларды бастан кешіріп келеміз. Осыған орай рухани жаңғыру бағдарламасы біздің жан-дүниемізге серпіліс беріп,патриоттық сезімімізді күшейтеді деп сенемін.
  Елбасы айтқандай тамыры терең тарихымыздан бастау алатын ұлттық кодымызды, яғни ұлттық санамызды сақтау – бірінші мәселе. Елімізге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында жоспарланған «Туған жер» бағдарламасындағы ойластырылған жобалар жеріміз, Отанымыз туралы білімімізді кеңейтіп, Атамекенге деген құштарлығымызды арттырарыанық.
 «Қазақстандағы 100 жаңа есім» бағдарламысының өз ерекшелігі бар. Тәуелсіздік алғаннан бастап мемлекетімздің қалыптасуында зор үлес қосқан жандардың тағдыры мен өмірбаяндары туралы білетін боламыз. Оларды өзімізге үлгі ете отырып, күш-жігер жинаймыз. Шынайы өмірмен сабақтастыра жүргізілетін бұл жоба адамзаттың рухани кеңейе, жандана түсуіне зор үлесін қосады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы – мемлекетіміздің іргетасын нығайтуға, дамыған 30 мемлекеттің қатарынан орын алуға, ұлттық құндылықтарымызды «Мәңгілік Ел» тарихында өміршең етіп қалдырудың ізгі жолы деп санаймын.


АрқМПИ-ның «Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығының 3-курс
студенті Нұрсали Арайлым