«Рухани жаңғыру кезіндегі жастардың шешуші рөлі»

 Елбасы,ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында – болашақты болжап,ертеңімізді екшеп,мәнгілік елдің мұратын саралап,ел дамуының межеленген бағыттарына жаңа серпін беретін ойларды ортаға салды.XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы – бірінші бөлімде: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жанғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-онай»-деп келе,рухани жаңғырудың басты ой толғамдарының бірнеше бағытын атап өткен.

Бәсекелік қабілет тақырыбында XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керектігін,компьютерлік сауаттылық,шет тілін білу,мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажет екендігі айтылған. Бәсекелік қабілетін арттырса ғана жеке адам,әсіресе бүгінгі білімді,кәсіпкер,еңбеккер жастар табысқа жетуге мүмкіндік алатыны сөзсіз.
Күн санап өзгеріп жатқан заманда сана – сезімге әбден сіңіп қалған алысқа апармайтын кертартпа қағидалардан арылмасақ,заман талабына сай икемдену мүмкін еместігін ескертеді.
  «Салт – сананың озығы да бар, тозығыда бар» - деген аталы сөз бар. Тозығы жеткен түсініктерден арылып, озығы өміршең, заманға сай ұстанымдарды бағдар етуге, дүбірлі дүние өзгеріп жатқанда жаналыққа құмар, ізденімпаз болуға, жаңа өмірдің ағымынан шетке ығысып қалмауға шақырады.
  Еліміздің – елдігі, қоғамымыздың құндылығы оның азаматтарының заманауи келбеті арқылы айқындалатыны аян. Орынсыз сән-салтанат, ысырапшылық, астамшылық, данғойлық, кердеңдікке жол бермеуді міндеттеген.
Осы қойылған міндеттерді түсініп, айтылғандарды іске асыру жолында еңбек ету жалпы халықтық іс, ұлттық парыз.Себебі бұл жаңғыру өскелен ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мән береді. Рухани жаңғыру кезеңінде заман талабына сай өмір сүріп жүрген жастардың рөлі зор, міндеттері де орасан.
  «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану» – мінез құлықтың прагматизмі деген осы деп түсіндіреді Елбасы.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс тындырылғанын: «Болашақ» бағдарламасы басталғанын, жоғары денгейдегі бірқатар университеттердің ашылғанын, зияткерлік мектеп жүйесі қалыптасқанын, басқада жетістіктерді айта келе, «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».
   «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйішпеншіліктен басталады.Сол себептен, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын» деді Елбасы.
Осыны түсіне білген азаматтар туған жерін гүлдендіру мақсатында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда. Жас буынның бойына патриоттық қасиеттерді сіңіру ұшін осындай бағдардыңмаңыздылығы зор екені белгілі. Игі істерге мұрындық болып , Елбасы міндеттеген мәселелерді жүзеге асырудағы жастардың атқарып жүрген істері баршылық. Рухани жаңғыру кезінде жастардың шешуші рөлі де сол болмақ.
  Қазіргі жастарымыз білімді, жоғары оқу орындарында оқып, білген түйгенін кәдеге жаратып еліне қызмет етіп, ұлттық болмысымен астастырып, жаңартып, жақсартып жатса нұр үстіне нұр.
«Жас келсе іске»дегендей, рухани жаңғыруға жастардың білек сыбана кірісетін кезі келді.
«Ұша білген қанатқа – дүние кең» дейді қазақ. Елімізде жасалып жатқан мүмкіндіктерді жастарымыз пайдалана білсе игі.
«Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деген Елбасы.
   Қоғамымыздың толыққанды белсенді мүшесі ретінде, ұлы – өнеге болып қолдауға ынталымыз.

 

АрқМПИ ДМжС кафедрасының аға оқытушысы О.Абилхаиров